Облыстық жедел штабтың отырысы өткізілді

Ақмола облысының әкімдігінде облыстық су тасқынына қарсы штабтың күнделікті отырысы өтті.

Күн тәртібінде елордалық аймақты су басудың ықтимал тәуекелдері мәселелері қаралып, жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептері тыңдалды.

Отырыс барысында ағымдағы жағдай туралы Целиноград, Аршалы, Қорғалжын, Атбасар және Зеренді аудандарының және Қосшы, Көкшетау қалаларының әкімдері баяндады.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыстың оңтүстік өңірлерінде орналасқан су қоймаларына төгінділер санының артуына байланысты барлық күштерді дайындап, жұмылдырып, елді мекендерді су басуға жол бермеу жөнінде барлық шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, су тасқынының екінші кезеңіне өтуіне байланысты Нұра, Есіл, Жабай және Колутон өзендерінде тәулік бойы су деңгейін бақылау бекеттерін қоюды ұйымдастыруды тапсырды.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар