Ақмола облысының әкімі Көкшетаудағы зардап шеккендердің үйлеріне барды

Марат Ахметжанов облыс орталығындағы су тасқынынан зардап шеккен аудандарды аралап, Железнодорожная және Шалқар көшелерінің тұрғындарымен кездесті.

Самат Байтұрынов Железнодорожная көшесі, № 2 үй, № 82 пәтерде 2000 жылдан бері тұрады. Қылшақты өзені төгілгеннен кейін үйде су көтерілді. Қазір отбасы жалдамалы пәтерде тұрады.

Өңір басшысы қазіргі уақытта Көкшетау қаласының әкімдігінде материалдық залалды бағалау және өтеу
жөніндегі комиссия құрылғанын, оның шеңберінде жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.

«Бұл мәселе менің жеке бақылауымда. Біз сізге көмектесудің әртүрлі нұсқаларын
қарастырамыз. Қиындықта сізді қалдырмаймыз», – деп атап өтті М.Ахметжанов.

Сондай-ақ, облыс әкімі су басу аймағында болған «Ертөстік» балабақшасында болды. Мүдделі мемлекеттік органдарға әлеуметтік объектінің қызметін қысқа мерзімде қалпына келтіруді тапсырды.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар