29-30 наурыз аралығында Түркістан қаласында «Гүлденген қызғалдақтар» халықаралық хореографиялық өнер байқауы өтті.
Оған Қазақстан қалаларынан және шет мемлекеттерден үздік хореографиялық ұжымдар қатысты. Байқауда Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласының атынан «Достар» мәдениет сарайындағы «Асыл мұра» халық би ансамблі өнер көрсетті.
Қазылар алқасы хореографиялық ұжымдардың өнерін жас ерекшеліктеріне қарай бағалады. Байқауда үлкендер тобында өнер көрсеткендер қатарында «Асыл мұра» фольклорлық ансамблі Гран-При иегеріатанды.
Осы ұжымның 3-4 жастағы балалар тобы жүлделі бірінші орынға ие болды. Бүлдіршіндерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!
«Арқа ажарының» өз ақпараты.