Бізге спорттың бұқаралық сипат алғаны керек

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Ақмола облыстық спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Қарауылов   облысымыздағы спорттың  дамуы  туралы кеңінен баяндап берді.

Облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халықтың саны жыл санап артып келеді. Былтырғы жылы  салауатты өмір салтын ұстанушылардың саны 319 мыңға жуықтаған. Қазіргі таңда мемлекеттік спорттық тапсырыс аясы спорттың 20 түрі бойынша жүзеге асырылып, кеңейтіліп отыр. 80-ге жуық қызмет көрсетуші осы тапсырысты орындайды. Ал, 10 мыңнан астам бала түрлі спорттық секцияларға қатысып жүр. Спорттық инфрақұрылым да  дамытылуда.

−Былтыр Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бурабай, Жақсы, Целиноград, Қорғалжын аудандарының ауылдарында спорт кешенінің құрылыстары жүргізілуде.Осындай маңызды бастамалар облыстың барлық аудандарында жүзеге асырылып отыр.  Жалпы, спортты насихаттау және қолжетімділігін арттыру үшін ең алдымен инфрақұрылымды дамытқан жөн. Ақмола облысында 15 спорт кешені бой көтеріп жатыр, −деп атап өтті Қуаныш Қараулов.

Облыста тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында заманауи спорт алаңдарын орнату жұмыстары жергілікті бюджет есебінен және шаруашылық субьектілерінің көмегімен жүзеге асырылуда. Былтырғы жылы  осындай 62 спорт алаңы жабдықталған еді.  Айта кету керек, Бурабай-Щучье курорттық аймағы түрлі спорттық сайыстарды  өткізуге қолайлы .  Сондықтан аталған өңірде инфрақұрылымды дамыту спорт саласына үлкен септігін тигізеді.

Брифинг барысында баяндамашы  бүгінгі таңда Щучинск қаласында үлкен Спорт сарайының құрылысы жүргізіліп жатқандығын алға тартты.

−Стадиондар салынып жатыр. Сандықтау, Шортанды, Жақсы аудандарындағы стадиондар қайта жаңартылуда. Сонымен қатар, Қосшы қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтермекші. Оның ішінде спортзал және бассейн болады, –деп толықтырды Қуаныш Қарауылов.

Қазақстанның ұлттық құрамасының сапында Ақмола облысының550-ге жуық спортшысы бар. Облыста ұлттық спорттың 11 түрі дамыған. Оған қызығушылардың саны да жыл санап артып отыр. 30 мыңға жуық бала ұлттық спортпен белсене шұғылданады.

Спорт ұйымдары тәрбиелеп шығарғандар бүгінде ел намысын лайықты қорғап жүр. Сондықтан, егер де спортшыларымыздың биік шыңдардан көрініп, өз жеңістерімен елді одан әрі қуантып жүргендерін  қаласақ, спорт саласын  жан-жақты дамытқан  жөн.

Осы ретте балалар мен жасөспірімдерді спорттық даярлау жүйесін жетілдіру, сонымен қатар, мектеп және студенттік ортада спортты дамыту жағдайын жақсарту қажет. Бүгінде  спортпен айналысу және атақты спортшы болу Қазақстан мектептерінде зор мәртебе саналуы тиіс.Осылайша біз өз еліміз үшін лайықты спорттық болашақты қамтамасыз етеміз.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар