Облыс әкімінің тасқын сумен күресуге көмектесу туралы үндеуіне бизнес өкілдері де үн қосуда
20-ға жуық кәсіпорын облыс орталығында су тасқынын жоюға көмек көрсетеді. Бүгінгі таңда Қылшақты өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі 2 метрге жетті, бұл әдеттегі көрсеткіштерден едәуір жоғары. Облыс әкімі қазіргі уақытта қаладағы жағдай күрделі екенін атап өтті. «Өздеріңіз білетіндей, еріген су ағынының ұлғаюына байланысты Қылшақты өзені жағадан шықты. Су басу аймағында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар бар. Біз су тасқынын бірге жеңу үшін ортақ күш- жігермен жұмысты ұйымдастыруымыз керек. Сізді осы жауапты сәтте…