Марат Ахметжанов Красный яр ауылында жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы жұмыстарды тексерді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Көкшетау қаласындағы
Красный яр ауылында су тасқыны қаупі бар учаскелерін тексерді. Мұнда су тасқынының
екінші кезеңіне байланысты Шағалалы өзенінің бойында қорғаныс үйіндісі салынды.
Заречная және Киров көшелері бойынша аула аумағынан су айдау жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ басшысы Чайкино кентіне баратын жолдың айрығындағы биіктігі
2 метр тығыз төселген үйіндіні тексерді.

«Жеңілдетпеңіз, мониторинг үнемі жүргізілуі керек. Бірде-бір тұрғын зардап шекпеуі керек», – деді облыс әкімі.

Жұмысқа 22 адам, 11 бірлік техника және 4 мотопомпа жұмылдырылды.

Дереккөз: www.gov.kz/

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар