Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет!» Міне, Президент тапсырмасы осы! - АРҚА АЖАРЫ

«Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет!» Міне, Президент тапсырмасы осы!

Бүгін (6 сәуір 2024 жыл) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты Қазақстан халқына Үндеу жариялап, жағдайдың өте күрделі болғандығына қарамастан, қиындықты міндетті түрде еңсеріп, барлық зардаптардың қалпына келтірілетіндігін, ең бастысы – азаматтардың амандығы бәрінен де қымбат екендігін мәлімдеді. Ел алаң. Қар суы осыншалықты зардап әкеледі деп ешкім де болжамаған шығар. Алайда табиғат өз мінезін көрсетіп жатыр.

Қар күрт еріп, еліміздің Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында су қатты жүріп, кей өңірдерде тұтас ауылдар мен қалалар тасқынның астында қалып жатыр. Бұл өңірлерде төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы «қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады», – деп қазіргі жайды нақтылы бағамдап берді.

Қазір осы су тасқынына байланысты түрлі пікірлер айтылып жатқаны да анық. Жер-жерді су алып жатқандығын кім-көрінгеннен көру байқалады. Әрине, мамандарда да, басшыларда да кінә бар шығар!

Ең басты кінәлі — Адам баласы! Табиғатқа қиянат жасауға келгенде, мөп-мөлдір суы бар өзен-көлдерімізді ластауға келгенде тағылық жасағанымыз анық. Әуелден жаратылған өз арнасымен, өз жылғасымен ағып жатқан өзен-көлдерімізді Кеңес Одағы кезіндегі тың игеру науқаны жаппай басталған кезде көптеген жаңа шаруашылықтар орнығып, олар өз шаруашылықтарының тұсынан ағып жатқан өзендерді бөгеп бір алды.

Есепсіз жыртылған жердің қара топырағы ұшып, біраз су арналарын басып қалғаны да болды. Су арналары осылайша біртіндеп құрғай бастады.

Құрғап қалған су көздерінің арналарын боқтық төгетін орынға айналдырдық. Тағы да құрғап қалған су көздерінің арналарына үйлер мен өзге де нысандар салып тастадық. Енді келген қалың қызыл су өз арнасын, өз жылғасын іздеп, ол да аласапыраны шығып іздеп жатқандай.

«Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес. Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз Үндеуінде.

Алатын сабақ әрине, аз емес! Ең бастысы республика бойынша су шаруашылығы мамандарының жоқтығы ойландырып, жедел шара қолдануды талап етері анық. Және де табиғаттың тепе-теңдігі бұзылған қазіргі жағдайда жаңа, мүлдем жаңа гидротехникалық нысандар салуды ғылыми негізде жедел шешу керек болар.

Бұл үшін, теңіздер мен мұхиттардың жағалауында тұрған мемлекеттердің тасқыннан, толқыннан қорғану жүйелеріне ден қою керек. Шетелдік мамандарды тарту керек. Қазақстандағы су қоймаларын нығайту, жаңасын салу істері де бүгінгі әлемдік озық технология негізінде жасалғанын да байыптаған жөн болар. Бұл енді Қазақстанда жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация Министрлігі айналысатын басты мәселе болса етті!

Президентіміз өз Үндеуінде «Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі»,–деп мәлімдеді.

Осы орайда Мемлекет басшысы нақтылы қадамдар жасады. Мысалы, халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырды. Бұл үлкен әрі аса маңызды шара.

Өйткені, біздің білуімізше «Мемлекеттік материалдық резерв» дегеніңіз, бетін аулақ қылсын, әлдебір соғыс жағдайында, болмаса гуманитарлық апат жағдайында ғана пайдаланылатын қор!

Міне, Мемлекет басшысы халыққа шынайы жаны ашып, халық жүдемесін, зарықпасын, тарықпасын деп осы қордың да есігін ашып беріп отыр. Және Президентіміз Үкіметке шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруды, оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіре отырып, берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажеттігін баса көрсетті.

Мемлекет басшысының бұл айтқандары мен тапсырмалары бұлжытпай орындалғаны жөн. Тасқыннан зардап шеккендердің шығындарын өтеу үшін түрлі сылтаулар айтып, оларды әуре-сарсаңға салмау керек, онсыз да жұқарған жүйкелерін жұқартпау керек!

«Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет!» Міне, Президент тапсырмасы осы.

Көкшетауда да судың беті бір қайтып, бір қайтпай тұрғаны. Осы жағдайға байланысты Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қазіргі уақытта басқа қызметте жүрсе де, Көкшетау қаласының бұрынғы әкімі, өте іскер маман Аманкелді Смайыловты, Көкшетау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Марат Әубәкіровты шақырып алып, су тасқынын тоқтатуға атсалысуды тапсырып еді, обалдары нешік осы екі азамат та қазір тасқынға тосқын қою үшін күні-түні тыным таппай, халықтың шынайы ықыласына бөленуде.

«Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді», – деді Мемлекет басшысы!

Бірлігі бар ел бәрін де жеңері хақ!

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар