Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Депутаттар белсенділігі бірінші шақырылымнан басталды - АРҚА АЖАРЫ

Депутаттар белсенділігі бірінші шақырылымнан басталды

1994 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы негізінде жалпыхалықтық сайлау өткізіліп, өкілді органдардың бірінші шақырылымы сайланды. Бүгіндемәслихаттармемлекеттіңдамуындамаңыздырөлатқарып келеді. ОларҚазақстантәуелсіздігініңалғашқыжылдарындағықоғамдыдемократияландырутолқынындақұрылды. Бірінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатын Амангелді Хамзеұлы Сыздықов басқарды. Шортанды ауданының тумасы, еңбек жолын 15 жасында тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында бастаған және 1991 жылға  дейін  ауыл шаруашылығы саласында 30 жыл еңбек етіп, басшылық қызметтерде болып, мол тәжірибе жинақтаған ол өзінің бойындағы бар қабілетін мәслихаттың табысты жұмыс істеуіне арнады. Бұл жөнінде төмендегі сұхбатта кеңінен баяндалады. 

– Амангелді Хамзеұлы, Сіз Ақмола облыстық мәслихатының бастауында болдыңыз. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін өкілді органның қалыптасуы қалай болды? Бастапқы кездері қандай қиындықтарға тап болдыңыздар?

– 1990жылдардың басында біз көптеген күрделі сынақтарды бастан өткердік. Сол кезде мен «Шортанды» тың кеңшарының директоры болдым, біз барлық қиындықтарға қарамастан, бұрын атқарған жұмыстарымызбен айналысуды жалғастырдық. Біздің міндетіміз өнімді сату жолдарын іздестіріп, жұмысшыларға жалақы төлеу үшін қаржы табу болды. Біреуге бартермен, біреуге қолма-қол ақшамен төлеп, әр мүмкіндікті пайдалануға тырыстық. Бірақ, ең қиын уақыт 1993 жыл деп атар едім. Бұл – кеңестік рубль пайдаланудан шығып, теңге айналымға енгізілген кез.

1993 жылөздеріңіз білетіндей, алғашқы Конституция қабылданған және ел нарықтық экономикаға бет бұрған уақыт болатын. Халық билігі органдары, яғни, облыстық, аудандық атқару комитеттеріжұмысын тоқтатты, аудандық Кеңестер, облыстық Кеңестер пайда болды. Кейін олар да тарады. Тек атқарушы органдардың басшылары ғана қалған алты айға жуық тоқырау кезеңі 1994 жылдың екінші жартысына дейін жалғасты.  Бұл уақыт халықтың биліктегі өкілдігі мәселелеріне теріс әсер етті.

Міне, 1993 жылдың соңында сол кездегі «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасы жаңа Заңының негізінде сайлау жарияланды. Айта кететін жәйт, жоғарыда аталған заңдымен 2001 жылы Сенат депутаты болған кезімде «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» деп атауды ұсындым.Сонымен, аудандық, облыстық мәслихаттарға сайлау 7 наурызға белгіленді. Дәл осы күні Қазақстанда жергілікті өкілді органдарға сайлау өтті. Заң бойынша, сайлаудан кейін бір ай ішінде ұйымдастыру сессиясына жиналып, басқарушы құрамды сайлап, жұмысты бастау қажет болды.

Ақмола облыстық мәслихатының құрылған күнін 30 наурыз депатағанжөн. Өйткені, 1994 жылы 30 наурызда бірінші ұйымдастыру сессиясы шақырылды. Сессияға 40 адамжиналдық.  Осылайша таңертең сессияға совхоздиректоры болып келген мені сессия үстінде облыстық мәслихат-жиналыстың хатшысы етіп сайлады.  «Мәслихат» деген  сөз көпшілікке түсініксіз болғандықтан,«жиналыс» сөзін қосуды ұйғардық. Ол кезде депутаттар төрт жылға сайланатын. Мен 5 жарым жыл жұмыс істедім.  Облыстың іріленуіне байланысты біздің қатарымызға Торғай өңірінен 13 депутат қосылды. 1997 жылы шілдеде жалпы ұйымдастырушылық сессия өтті, онда мен қайтадан хатшы болып сайландым.

Облыстық мәслихаттың хатшысы ретінде мен аудандарға ұйымдастырушылық сессияларға барып жүрдім. Әріптестермен бірге кабинет іздестіріп, шкаф, үстел, орындық, автокөліктерді, кеңсе жабдықтарын жинауға тура келді.

– Ол кезде облыстық мәслихатта неше өңірдің өкілдері бар еді?

– 16 аудан, Ақмола, Степногорск, Ақкөл және Атбасар қалалары. 1994 жылы үш-төрт айдың ішінде құрамдарды қалыптастырғаннан кейін бізге адамдарды дайындауға, тәжірибе алмасу бойынша оқыту семинарларын өткізуге тура келді.

1994 жыл толығыменен қалыптасу режимінде өтті деп айтуға болады. Өміріміз өз бағытымен жүре берді. Мәселелер бастан асатын, шешімін табу қиын болды.  Зейнетақы, жалақы төлеу, жылыту, жарықтандыру және тағы басқалары дегендей, ол кезде тарифтер мәселесі де өте өткір еді. Дегенмен, ақиқатын айтар болсақ, біз, мәслихат хатшылары аудандар мен облыс әкімдерімен бірлесіп, халық төлей алатындай тарифтерді ұстап тұрдық. Нәтижесінде бұл30 жыл коммуналдық төлемдердің жылу өндіруші, жылу беруші кәсіпорындардың хал-ахуалына ешқандай әсер етпейтіндей жағдайға жеткізді. Қазіргі жағдай белгілі. Бірақ, екінші мәселе, ақша аз болса да түсіп тұрды, бірақ, ол іске жаратылды ма  немесе жеке тұлғаларға жалақы мен бонустарға жұмсалды ма, бұл басқа мәселе.

Мұнда біз нақты түсінуімізді керек ететін мынадай жай бар. Біз халықтың өкілдері ретінде халықтың атынан және талабы бойынша сөйледік.  Ол кезде сайлау бір мандатты округтар бойынша өтетін және әр кандидат сайлаушылардың дауысы үшін күресетін.  1994 жылы осылай жұмыс істегенбіз. Өзіміз халықтың атынан шығуды үйрендік және өз активтеріміз бен аппараттарымызды оқыттық.

– Жақында облыстық мәслихат депутаттары тәжірибе алмасу мақсатында аудандарға барды. Бірақ, заң бойынша аудандық мәслихаттардың облыстық мәслихатқа тікелей бағынысы жоқ.  Бұрын да солай болғанба?

– Тікелей бағыну жоқ, бірақ, жоғары тұрған облыстық мәслихаттың шешімі төмен тұрған мәслихаттың орындауы үшін міндетті. Мен барлық аудандарға үнемі барып тұрдым, аппараттың жұмысына жағдай жасау қамымен депутаттарды ғана емес, сонымен қатар, аппараттың барлық қызметкерлерін де білетінмін.   Облыстық мәслихат депутаттарына, олардың учаскелеріне барып жүрдім. Мектептерге, ауруханаларға бірге барып,  проблемалық нүктелерін анықтайтынбыз. Содан кейін мәслихаттың тұрақты комиссияларына облыстық басқармалардың басшыларын шақыра отырып, осы мәселелерді талқылайтынбыз. Бізде бес комиссия жұмыс істеді.

Амангелді Хамзеұлы, сол кездегі әріптестеріңіздің  есімдерін атай аласыз ба? Бірінші мәслихаттың құрамында, менің білуімше, биліктің жоғары эшелонында болған адамдар көп болды.

– Шынымды айтсам, барлығын атау қиын, талайжыл өтті ғой. Дегенмен, мен И.Жанғоразов, С.Әшебеков, С.Овчинников, В.Попов, М.Гниненко, В.Холод, А.Томилов, Ф.Тетерин, Ж.Будешев, Е.Воронин, Ш.Жұмабеков, Е.Капоцинский, С.Кәкенов, К.Әубәкірова, Б.Сүлейменова, А.Киль, В.Навомир сияқты және басқа да депутаттармен бірлескен жұмысты қанағаттанарлықпен еске аламын.

Аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшылары А.Миронов, Б.Борумбаев, И.Закутянский, Ю.Серіков, С.Тыңбаев, Қ.Құсайынов, Л.Молотова, Ж.Баймағамбетов, Ғ.Хасенов, В.Сумина, З.Жақиянова, О.Нұрмағамбетов, М.Ыдырысов, Қ.Айсаков, Г.Скирда, Г.Попова, Н.Шкаруба, М.Исажанов, Қ.Хасенов, А.Есенбердин өздерін мықты ұйымдастырушы ретінде көрсете білді.

Облыстық және аудандық мәслихаттар аппараттарындағы кәсіби мамандардың жемісті жұмысын ерекше атап өткім келеді. Олар С.Гончаренко, Ж.Әлжанов, В.Пытьева, Л.Сидорова, Р.Коваль, А.Точилина, Т.Сыздықов, Н.Шахмет, И.Близнюков, В.Антонович, Г.Смағұлова, А.Новокрещенов.

Мен талантты мамандар, өндірісті ұйымдастырушылар А.Браун, Ж.Кәрібжанов, В.Гартман, С.Кулагин сияқты облыстың көрнекті басшыларымен бірге жұмыс істедім.

Осы адамдар және мен атаған немесе атамаған депутаттар маған облыстық деңгейге шығып, адамдарды, олардың уайымы мен проблемаларын жақсырақ білуге көмектесті. Сол мәселелердің шешілуіне  қатысу маған үлкен мектеп болды.

Осындай жұмыспен 1997 жыл және 1998 жылдың бір бөлігіде өте шықты. Сол кезеңдеЕлорданы көшіру мәселесі белсенді түрде шешіліп жатты. Ақмола облысы елордалық аймаққа айналуы тиіс болды, ал, біздің тың аудандарында орысша атаулар көп болғандықтан, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Біз Краснознаменский ауданын Егіндікөл, Державинскийді – Жарқайың, Вишневскийді – Аршалы, Балкашинскийді – Сандықтау, Макинскийді – Бұланды деп атадық. Анығын айтқанда, бұндай күрделі, үлкен жұмыс алғаш рет жүргізілген еді. Ауылдарды аралап, адамдарды ертеңгі күнге сендіруге тырыстық. Халық арасында аймақтардағы жер-су, елді мекендердің ескі, жаңа атаулары бойынша жөні түзу атаулар ұсынатын, газеттерде тарихи анықтамалары бар мақалалар жариялайтын қоғамдық пікір көшбасшыларын табу қажет болды. Бұл мәселе бойынша жақсы жұмыс атқардық.

Өмір арнасымен аға берді. 1999 жылдың басында тосын бір әңгімелер еститін болдық.Сөйтіп, бізге Ақмола облысының орталығын Көкшетау қаласына көшіру ұсынылды. Көкшетаудың ол кезде жағдайы қиын болатын. Сонымен, Ақмола облысына бұрынғы Көкшетау облысының үш ауданы қосылды және Көкшетау қаласы облыс орталығы атанды.

1997 жылы Көкшетау облысы жабылып, Солтүстік Қазақстан облысына қосылған кезде қала тозып, жағдай қиындап кетті. Жылу, электр, сумен қамтамасыз ету мәселелері өршіді, еңбекақы, зейнетақыдан бірнеше айлық қарыздар қалыптасты. Қиын сәттер болды. Петропавлға барлық жабдықтар, жиһаздар, қабырғалардан жылтыратылған панельдерге дейін кетіп қалған жағдайлар болды.

Көкшетаулықтар қиындықтарға үйреніп қалғаны соншалық, олар тек үмітпен өмір сүрді, бұл оңай болған жоқ. Құқықтық тәртіпте де проблемалар болды. Бұл уақыт бәріміздің де есімізде.

  • Сол кездегі мәслихат депутаттарының рөлі қандай болды?

– Біз, депутаттар, негізінен халықпен жұмыс істедік. Олар бізге көп сын айтып, неше түрлі жағдайлар болды. Бірақ менаудандарға жайғана бармай,барлықесептеулермен, не болдыжәне не болады, не жоспарланды дегендей ақпараттармен барып жүрдім. Ақыр соңында әңгіме бері қарап, адамдар диалогқа барды. Жүйелі түрде көптеген сұрақтар түсе бастады. Шынымды айтсам, халықтың наразылығы көп болған жерде атқарушы органдардың қызметкерлеріне қарағанда депутаттар шиеленісті көп жеңілдетті. Көкшетаудың өз басындағы митингілерді басып отыруға тура келді.

Өмір көрсеткеніндей, қиын кезеңде депутаттық корпус көптеген мәселелерді шешуге, тыңдауға, түсіндіруге көмектесті. Халықты не мазалайтынын бізден артық ешкім білген жоқ. Өйткені, бізде әр округте депутат болды.

– Мәслихаттың Көкшетауға көшуі қалай болғанын айтыңызшы?

– 1999 жылдың 6 сәуірінде мен облыстық мәслихаттың сессиясын өткіздім, онда облысқа үш аудан мен Көкшетауды қосқымыз келетінін жазып, Президенттен қолдау сұрадық. 8 сәуірде Жарлық жарияланды. Әкім тізімді жасап, 10 сәуірде Елордадан алғашқы керуен шықты. Облыстық мәслихат мамыр айының соңында көшіп келді.

Әкімдік ғимаратында бірден жөндеу жұмыстары басталды, сондықтан, мемлекеттік органдар кез-келген жерде орналастырылды. Біз «Облпотребсоюз»  ғимаратында тұрдық.  Қалада біз үшін баспана болмады, жаз бойы Зерендіде тұрдық, өйткені, онда ондаған ағаш үйлер, облыстықпартиякомитеті мен облыстық атқару комитетінің бұрынғы саяжайлары сақталған. Күн сайын Көкшетау мен Зерендінің арасында жүрдік.

Осының бәрінкөріп-білген мен 1999 жылдың желтоқсанынан бастап Сенат депутаты болғанымда, Көкшетауды дамыту үшін бар күш-жігерімді, мүмкіндіктерім мен қабілетімді пайдаландым. Көкшетау қаласына жылумен және суменжабдықтауды қалпына келтіру үшін белгілі бір қаржы бөлінуіне қол жеткіздім. Айта кету керек, қазіргі қаражатпен салыстыруға келмесе де, ол қаражат айтарлықтай болды. Бірақ, ол кезде ақшақұндырақ еді ғой.

– Сенат қабырғасында нақты қандай мәселелерді шеше алдыңыз?

– Әріптестерімнің қолдауымен мен Үкіметке бірнеше рет хабарласып, Премьер мен оның орынбасарларынан қолдау таптым. Сенат депутаты ретінде облыс активін өңірдің проблемалық мәселелеріншешуге қандай жұмыс жасалып жатқаны туралы үнемі хабардар етіп отырдым.

Степногорск қаласы ауыз сумен Сілеті су қоймасынанқамтамасыз етілетіні белгілі. Автомобиль жолы су қоймасының бөгеті арқылы өтіп, оның тұтастығына қауіп төндірген кез болды. Қаланы сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін мен облыс және қала басшылығының өтініші бойынша су торабынан төмен, Сілеті өзені арқылы өтетін автожол көпірін салу туралы депутаттық сұрау салдым. Соның арқасында көпір қысқа мерзімде салынды және әлі күнге адамдарға қызмет етуде.

– Амангелді Хамзеұлы, мәслихаттардың мерейтойлы жылында әріптестеріңізге не дер едіңіз?

– Ең алдымен, депутаттар халықтың көзі мен құлағы екенін ұмытпаулары керек. Сондықтан, барлық жұмыс халықпен, сайлаушылармен тығыз қарым-қатынасқа негізделгені жөн. Әрине, осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық бұрынғы және қазіргі депутаттарды мәслихаттардың 30 жылдығымен құттықтаймын! Әрқайсыңызға зор денсаулық, мол табыс, амандық және ел игілігі жолында жемісті жұмыс тілеймін!

Сұхбатты жүргізген Қарлыға МҰХАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар