Мектеп тынысы мерейінен байқалады

Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінің оқушылары мен ұстаздар қауымы оқу жылының басынан жоғары нәтижелер көрсетіп, биік белестерді бағындырып келеді. Ұстаздар үшін шәкіртінің жетістігін көру – үлкен мәртебе. 2024 жылдың ең ірі жетістіктеріне тоқталсақ, 4-5 қаңтарда білім беру қызметкерлері арасында шахматтан қалалық жарыс өтті. Айсұлу Ғаббасова мен Марат Шукубаев өнер көрсеткен біздің мектептің құрама командасы екінші орынға ие болды. Ал, жекелей есепте Айсұлу Ғаббасова жеңіс тұғырына көтерілді.

Сондай-ақ, 5-8 ақпан аралығында №4 орта мектеп базасында өткен қысқы Президенттік көпсайыстан Ақмола облысының ашық чемпионатында Ғ.Әміриева мен Е.Ивлева бірінші орынды иеленді. 13-14 ақпан аралығында қала мектептерінің оқушылары арасында қысқы Президенттік көпсайыстан Ақмола облысының ашық чемпионаты өткізілді. Онда да №6 мектеп-лицейкомандасы екінші орынды иеленді. Команда құрамында 10 «А» сынып оқушыларыАртём Семеневский, Влад Майер және Данил Белов, 9 «Д» сынып оқушысы Анастасия Дмитриченко, 9 «А» сынып оқушысы София Новохатская, 8 «Ж» сынып оқушысы Роман Мартын өнер көрсетті. Жекелей есепте 8 «Б» сынып оқушысы Никос Мантариди, 8 «З» сынып оқушысы Катерина Ивлева, 8 «Ж» сынып оқушысы Ақбота Абдрахман да үшінші орыннан көрінді.

Мектебіміздің спорттық жетістіктерінің қатарына мұғалімдер мен оқушылардың 2024 жылғы 15-16 наурызда Көкшетау қаласында өткізілген төртсайыстан облыстық ашық чемпионатының нәтижелерін қосуға болады. ОндаАнастасия Дмитриченкомен Матвей Синенкобіріншіорын, Данил Беловпен Милана Малина төртінші орындарды иеленсе, денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Ғалия Әміриева 1-інші орын, Вероника Синенко екінші орынға қол жеткізді.

Мектеп оқушылары спортта ғана емес, ғылымда да жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Қаңтар айында «Кванториум» технопаркі базасында өткен «Scratch» бағдарламалауы бойынша қалалық конкурста 5 «З» сынып оқушысы Артём Колединцев екінші орынды жеңіп алды. Ғылыми жетекшісі – информатика пәнінің мұғалімі Жаңыл Сәрсенбаева. 12-13 ақпанда жоғары техникалық колледж базасында Көкшетау қаласы мектептерінің оқушылары арасында «Білім берудің инновациялық шешімдері» тақырыбында Hackathon байқауы өтті. Байқауда 23 команда бақ сынасып, №6 мектеп-лицейінен де 2 команда қатысты. Бұл байқау нәтижесінде де жүлделі 2 орынға ие болдық. Оқушыларымыздың ғылыми жетекшісітағы даЖаңыл Сәрсенбаева.

2024 жылғы 17 ақпанда Астана қаласында «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдары академиясы»қоғамдық қоры өткізген 1-11 сыныптарға арналған «Ғылым фестивалі: жастар әлемді зерттейді» республикалық ғылыми жобалар байқауында мектеп оқушылары терең білімдері мен жоғары дайындықтарының арқасында жақсы нәтижелерге жетті. 7 «А» сынып оқушысы Эльдар Ибраев (жетекшісі Г.Ж.Абдықасымова), 4 «Б» сынып оқушысы Матвей Синенко (жетекшісі В.В.Синенко), 1 «Ә» сынып оқушысы Малика Ахметова (жетекшісі А.Α.Мақышева), 1 «Б» сынып оқушысы Әлихан Өтеген (жетекшісі А.Б.Байғарина); 1 «А» сынып оқушысы Рауана Аманжол (жетекшісі С.Л.Қаженова), 4 «Ә» сынып оқушысы Аңсар Қабдуалиев (жетекшісі Г.А.Қазбекова) осы фестивальдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері наурызда №4 орта мектеп базасында өткен «Мұғалімнің тәжірибесіндегі зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» атты облыстық конференцияға белсене қатысты.  Конференцияның мақсаты – Lesson Study тәсілін пайдалана отырып, зерттеу нәтижелерін талқылау және тарату. Мұнда да орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.Г. Таран, биология пәнінің мұғалімі И.С.Василинчук, химия пәнінің мұғалімі К.З.Нұрғазина,бастауыш сынып мұғалімдері – А.А.Мақышева және Г.А.Қазбекова тиісті дипломдармен марапатталып, конференция қатысушыларымен шеберлік класын өткізді.

9-11 сыныпоқушылары арасындағы облыстық және қалалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша №6 мектеп-лицейі Көкшетау қаласы бойынша көшбасшы мектептердің қатарына енуі бүкіл педагогикалық ұжымның үлкен жетістігі болып табылады. Оқушылардың жетістіктері, олардың қалалық, облыстық, республикалық байқаулар мен олимпиадалардағы жеңістері мұғалімдердің кәсібилігінің дәлелі. Біздің басты мақсатымыз – білімді, білікті, рухани бай тұлғаны қалыптастыру.

Мадина ҚАДЫРБЕК.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар