Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әркім өз денсаулығына алдымен өзі жауапты болуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Әркім өз денсаулығына алдымен өзі жауапты болуы керек

«Денсаулықты ақшаға сатып ала алмайсыз» деген әйгілі мақал біздің өмірімізде әрқашан өзекті.  Онымен келісуге де, жоққа шығаруға да болады. Өйткені, қаржылық ресурстардың болуы өмір сүру сапасын жақсартуға және ешкім сақтандырылмаған кез-келген аурулар пайда болған кезде емделуге мүмкіндік беретіні құпия емес.

Жыл сайын 7 сәуірде бүкіл әлемде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында 2024 жылы бұл күн «Менің денсаулығым – менің құқығым» деген атаумен өтетіні айтылған. Биылғы тақырып әр адамның қай жерде болмасын, сапалы медициналық көмекке, білім мен ақпаратқа, сондай-ақ, таза ауыз су мен  ауаға, дұрыс тамақтануға, жайлы баспанаға, лайықты еңбек және экологиялық жағдайларына құқығын тағы бір еске салуға арналған.Медициналық қызмет көрсетудің маңызды тұсы – жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, жыныстық бағдарына және басқа белгілеріне қарамастан, адамның осы қызметке қол жетімділігі.

Адамның иммун тапшылығы вирусы  бүгінде көп нәрсеге әсер етуі мүмкін екені баршаға мәлім. Мұны кез-келген интернет желісіндегі  іздеу жүйесіне «АИТВ-мен өмір сүретін танымал адамдар» сұрауын жазу арқылы тексеруге болады. Дегенмен, бұл ауруды жұқтыру қаупі жоғары топтардың бар екенін жоққа шығаруға болмайды.Олар әдетте халықтың негізгі топтары деп аталады. Атап айтқанда, инъекциялық есірткі тұтынатын адамдар, бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар және тағы басқалары.

Ақмола облысында өткен жылы халықтың негізгі топтарының ішінен 1 300-ден астам адамға «Зиянды азайту» бағдарламасы арқылы медициналық қызметтер көрсетіліп, онда 41 клиент алдын алу шараларынан өткен еді.  Бұл ықтимал қауіпке дейінарнайы дәрі-дәрмектерді қабылдау арқылы АИТВ-инфекциясының алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондықтан, Дүниежүзілік денсаулық күні аясында халықтың барлық топтары үшін стереотиптер мен алалаушылықтарға, кемсітушілікке және құқықтарға нұқсан келтіруге орын жоқ толерантты және қолдаушы ортаны қамтамасыз ету өте маңызды.

Тек осылай біз әрбір адамның өзінің денсаулық  құқығын, соның ішінде АИТВ-инфекциясының алдын алуды жүзеге асыра алатындығына қол жеткізе аламыз.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар