Гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды

Көкшетау қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау қолға алынған болатын.

Бүгінде облыстық «Жастар-ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жанындағы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі, «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қорының қолдауымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Волонтерлік желісімен бірлесіп, өңірімізде орын алған су апатынан зардап шеккен тұрғындарға осы гуманитарлық көмекті тарату жұмыстарын бастады.

Нәтижесінде ұзақ мерзімде сақтауға болатын азық-түлік пен тұрмыстық химия, гигиеналық керек-жарақтар зардап шеккен 20 отбасыға таратылды.

Облысымызда  «Қазақстанның Қызыл Жарты Ай» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысы бойынша филиалы облыстық жастар-ресурстық орталығымен бірлесе отырып, гуманитарлық көмек қабылдау пунктін ашқан.

– Ол жерге киім-кешек, гигиеналық заттар және тұрғындарға басқа да керек-жарақты жинаудамыз. Тапсыратын киімдер таза немесе жаңа болуы тиіс, – дейді өз сөзінде «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Дидар Хамзин.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар