Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов Бұланды ауданындағы су басқан Журавлевка және Капитоновка ауылдарының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Зардап шеккен елді мекендерге келтірілген залалды жою және бағалау үшін көшпелі комиссияларды жіберуді тапсырды.
Журавлевка 11 сәуірде Бақсук өзенінің тасуы нәтижесінде су басу аймағында қалды. 400-ге жуық адам эвакуациялау пунктіне жеткізілді, тұрғындардың бір бөлігі туыстарына барды. Ал, малдар қауіпсіз жерге көшірілді.
Бүгінде елді мекендегі жағдай тұрақтанды. Тұрғындардың көпшілігі үйлеріне қайтты. Жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды қажетті көмекті анықтап, шығынды есептеуге шақыруда.
Ауылдарға азық-түлік пен төсек-орындарды қамтыған гуманитарлық көмек келді.
Журавлевский ауылдық округінің әкімі Татьяна Гилгенбергтің айтуынша, қауіп туралы барлық тұрғындар алдын ала хабарланған. Даланың суы 10 минутта келді.
Облыс әкімі зардап шеккен адамдардың үйлерін аралап, ауыл тұрғындарымен кездесті.
-Барлық шаралар қабылданып жатыр. Жергілікті төтенше жағдай жарияланды. Аудан әкіміне техникалық тексеру жүргізуді тапсырамын, тарату комиссиясы құрылды.
Комиссиялар ауылдарға барып, тез арада сол жерде жұмыс істеуі керек. Көмек көрсетіледі. Келтірілген шығын өтеледі. Тұрғындарға түсіністік танытқандары үшін алғыс айтамын, — деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.