Ақмола облысының аумағындағы су тасқыны жағдайы туралы

Қазіргі уақытта облыс аумағында су тасқыны тұрақты-шиеленісті режимде өтуде. Өңірлердегі су тасқыны жағдайы үнемі бақылауда.

Елді мекендерді қорғау үшін ұзындығы 36 мың м. үйінділер тұрғызылып нығайтылды, 2 млн. текше метрден астам су сорылды, 200 мыңнан астам инертті материал салынған қапшықтар төселді, 85 км-ден астам каналдар мен арықтар тазартылды және тереңдетілді, 1443 су өткізу құрылыстары тазартылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 1457 адам, 297 техника, 19 жүзу құралдары, 70 мотопомпалар жұмылдырылды.

ТЖ, қорғаныс және ішкі істер министрлігінің өзара іс-қимылы аясында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуді күшейту үшін қосымша күштер мен құралдар жұмылдырылды. Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары мен офицерлері белсенді көмек көрсетуде. Сондай-ақ, су тасқыны салдарын жоюға 420 адамнан тұратын еріктілер де қатысуда.

18 мыңнан астам мал уақтылы эвакуацияланды, бұл су тасқыны кезеңінде олардың өліміне жол бермеуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда эвакуацияланған 1907 тұрғын үйлеріне оралды.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда облыстағы су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар