Жүректен жүрекке: Ақмолалықтар Алматыдан гуманитарлық көмек алды

 – Ақмолалықтар су тасқынынан зардап шеккендерге Алматы қаласынан жіберілген гуманитарлық көмекті қарсы алды.

Биылғы жылдың 3 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен су тасқынынан зардап шеккен барлық қазақстандықтарға көмек көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке» акциясы басталды.

көмек
Фото: Ақмола облысы жастар ресурстық орталығы

Акция аясында Алматы қаласынан Ақмола облысына жіберілген гуманитарлық көмек келіп жетті.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшылары, еріктілер гуманитарлық жүк тиелген көліктерді Көкшетаудағы Достық үйі ғимаратының алаңында қарсы алды.

көмек
Фото: Ақмола облысы жастар ресурстық орталығы

«Су тасқыны басталғаннан бері барлық өңірлерден көмек көрсетілуде. Өздеріңіз білетіндей, Атбасар мен Есіл қаласында жағдай қиын. Қазір оларға көмек көрсетіліп жатыр. Бүгін Алматыдан гуманитралық көмек жетті, ертең Павлодар облысынан келеді деп күтіп отырмыз. Қалада 500 жуық, облыс бойынша 3 мыңнан астам ерікті жұмыс істейді. Бұл игі іске барлық волонтерлік ұйымдар жұмылдырылған», — деді Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында су басқан ауылдан науқас әйел қайықпен құтқарылғанын жазған едік.

көмек
Фото: Ақмола облысы жастар ресурстық орталығы

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар