Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қалыптасқан жағдайға орай, бюджет оңтайландырылды - АРҚА АЖАРЫ

Қалыптасқан жағдайға орай, бюджет оңтайландырылды

Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясында 2024 жылдың бюджетіне өзгерістер енгізілді. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты.

Отырысты аша отырып, мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов өңірдегі күрделі су тасқыны жағдайына байланысты облыстың аудандары мен қалаларының әкімдері, аудандық және қалалық мәслихаттардың төрағалары, сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттарының бір бөлігі сессияға бейне конференц байланыс режимінде қатысып отырғанын атап өтті.

Күн тәртібіне «Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №8С-7-2 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы  мәселе  шығарылды. Осы мәселе бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына және сессияға қатысушыларды экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шұғырмақова хабардар етті.

Бюджетті нақтылау Президенттің жергілікті бюджеттерден көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 100 миллиард теңге бөлу тапсырмасына байланысты туындап отыр. Ақмола облысына қосымша 20 миллиард теңге бөлу тапсырылды. Осы сессияда алғашқы 5 миллиард теңгені бөлу ұсынылды.

Сондай-ақ,  Ақмола облысының әкімдігіне шағын және орта бизнес кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қосымша 815 миллион теңге қаражат бөлу тапсырылды. Осылайша облыс бюджеті 8,7 миллиард теңгеге оңтайландырылды.

Су тасқынының зардаптары мен залалдарын жою бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Алдын ала қажеттілік 5 миллиард теңгені құрайды. Шығыстардың бір бөлігі республикалық бюджетке мәлімделетін болады.

–Көкшетау қаласының зардап шеккен тұрғындары үшін пәтерлер сатып алуға хат жолданды, олардың үйлері бойынша тексеру жүргізілуде. Алайда, инфрақұрылымды қалпына келтіру жергілікті бюджеттерге ауыртпалық түсіреді. Болашақта облыстық бюджет шығыстарын тағы бір оңтайландыру қажет болуы мүмкін. Барлық босатылған қаражат салдарды жоюға және осындай жағдайдың қайталануына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталатын болады, – деп ескертті А.Шұғырмақова.

Депутаттар егіс жұмыстары екі-үш аптадан кейін басталатынын және субсидиялауға бөлінген қаражаттың фермерлерге мүмкіндігінше тез жетуі маңызды екенін еске салды. Бюджетке қатысты шешімдер қабылдау бөлігінде жергілікті атқарушы органдар мен депутаттық корпустың ынтымақтастығының тиімділігін жақсарту бойынша бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарды ескере отырып, бюджетке түзетулер енгізу туралы шешім қолдау тапты.

Қарлыға МҰХАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар