Халықаралық байқауда жолдары болды

Жуырда Алматы қаласында «Kazakhstan smart space-2024» ғарыш технологиялары мен техникасы бойынша ІІІ Халықаралық байқау өткен болатын. Оған облысымыздың орталығындағы «Болашақ» сарайының командасы қатысып,  осы байқаудың жеңімпазы атанды.

Аталмыш байқауға Өзбекстан, Ресей, АҚШ, Башқұртстан және Қазақстанның түкпір-түкпірінен 80-нен астам команда қатысты. 12-16 жас аралығындағы «Макет» номинациясы бойынша «Болашақ» сарайының «Bolashaq kids» командасы «Ай құрылысшы» жобасымен 1-орынға ие болды. Макет Lego Mindstorms конструкторы негізінде құрастырылған.

Команда құрамы Болат Әбілмансұр (IT лицейі), Жылқайдар Асылхан (№17 мектеп гимназиясы), Талғат Мақсат (№17 мектеп гимназиясы), Сексенбай Бейбарыс (№13 мектеп гимназиясы) сияқты ұландардан тұрады. Жетекшілері Құрманғазы Еркебұлан, Динара Талғат.

Талантты оқушыларды кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, алда да тың жетістіктер тілегіміз келеді.

Салтанат ДОСЕТОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

6 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар