Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағзым мен құрмет - АРҚА АЖАРЫ

Тағзым мен құрмет

Геология және минерология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы, профессор Айтқажы Қазбековтың 90 жылдығына арналған шахматтан турнир болып өтті.

Турнир 2019 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл оған 160-тан астам балғын шахматшы қатысты. Турнирдің ашылу салтанатына қоғам қайраткерлері, Айтқажы ағамыздың балалары мен туыстары, шахмат сүйер қауым мен жанкүйерлер қатысты. Шараны Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы ІТ лицейі ұйымдастырды.

Додаға келгендер тыңғылықты дайындықтарын байқатып, тартысты ойын көрсете білді. Шахмат турнирінің қорытындысы бойынша ұлдар арасындағы 1-6 сыныптар санатында 1-ші орын Тимур Ерденев (6 орта мектеп,) 2-ші орын Нұрхан Мақсұтхан (13 орта мектеп) 3-ші орын Болат Әмір (2 орта мектеп), 3-ші орын Әлихан Орынбай (2 орта мектеп), 7-11  сыныптар санатында 1-ші орын Бейбарыс Мамыров (2 орта мектеп), 2-ші орын Әлисат Қасенов (2 орта мектеп), 3-ші орын Ескендір Сегізбаев (ІТ лицейі) және Бектас Дәулетбектің еншісіне бұйырды.

Қыздар арасындағы 1-6 сыныптар санатында 1-ші орын Әлия Әділетқызы (ІТ-лицейі), 2-ші орын Рамина Жүзбай (2 орта мектеп), 3-ші орын Анастасия Бабак (21 орта мектеп) және Айкүміс Шернияздан, 7-11 сыныптар санатында 1-ші орын Әдия Шәйкенова (6 орта мектеп), 2-ші орын Алуна Әубәкірова (13 орта мектеп), 3-ші орын Маржан Жақина (17 орта мектеп) және Аида Құлжанованың (2 орта мектеп) үлестеріне тиді. Блиц-турнирде Бейбарыс Мамыров абсолютті чемпион атанды, Тимур Ерденев екінші, Санат Исаханов үшінші орын алды. «Ең үздік ойыншы» номинациясына Досан Алпысов ие болды. Ал, «Ең қысқа партия» номинациясы Нұрдәулет Қайыркенге бұйырды.

Айта кетейік, турнирдің Айтқажы Қазбековтың құрметіне арналуы тегіннен-тегін емес. Өйткені, геология саласының майталманы көзі тірісінде қолы қалт еткенде шахмат ойнағанды жақсы көрген. Туған елінің дамуына зор үлес қосқан ел азаматы әрқашан өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып келеді.

 Нұрлан ЫСҚАҚОВ. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар