Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақсақалдар кеңесі – елдің ұйытқысы - АРҚА АЖАРЫ

Ақсақалдар кеңесі – елдің ұйытқысы

Дархан қазақ даласында бұрын өмірлік тәжірибесі мол, аға буын өкілдерінен құралған ақсақалдар кеңесі болған. Олар дала заңы бойынша ел ішіндегі екеуара, немесе руаралық дау-дамайды әділ шешіп, жанжалдасқан екі тарапты мәмілеге келтіріп, татуластырып, тентекті тезге салып, түзетіп отырған. Онда ақсақалдар халықтың бірлігін сақтап қалуды көздеген.

Қаншама ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астында ұйыстырып отырған елімізде қазір де ақсақалдардың үлес салмағы басым. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде қоғамдық институттар көптеп қалыптасты. Солардың бірі – былтырдан бері қолға алынған Ақсақалдар кеңесі. Бірақ, олар бұрынғыдай руаралық немесе екеуара дау-дамайды шешпейді, заманның өзгеруіне, қоғамның дамуына байланысты олардың жұмыс жүйесі басқаша.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішін аралап, халықпен кездес­кен сәттерінің бірінде: «Қазақ қай за­манда да төрде отырған үлкенді сый­лап, құрмет тұтқан, ақсақалдардың жөнді сөзіне тоқтам жасап, олар­дың ізіне ерген. Ал, ауызы дуалы қария­ла­­рымыз бен ақсақалдарымыз қа­шан­да елдің ұйытқысы болып, тату­лықты насихаттап, бірлікті сақтап отыр­ған. Ендеше осы үрдісті әлі де жандандырып, бір жүйеге түсіру керек. Бәлкім кеңестерді Ассамблеяның жа­нына топтастыру керек шығар» де­ген еді.Міне, Мемлекет басшысының бұл ұсынысы халықтан қолдау тауып, қа­зіргі таңда барлық аймақта Қазақстан хал­қы Ассамблеясы жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылып, жұмысын бастап кетті. 2023 жылы қаңтар айында Аршалы ауданы әкімінің қаулысымен Ақсақалдар кеңесі құрылды. Биыл сол қаулыға өзгерістер енгізіліп, ақсақалдар алқасының құрамы жаңартылды.

Аудандық Ақсақалдар кеңесінің басты мақсаты – ел бірлігі мен ұлтаралық татулықты нығайту бағытында жұмыс істеп, халықтың жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдар арасында туындайтын түсініспеушіліктерін ретке келтіріп, көмек көрсету, консультативті-кеңесші орган қызметін атқару. Бүгінде ауданның Ақсақалдар кеңесінің құрамына 7 адам, яғни, аймақтың құрметті және беделді еңбек ардагерлері енгізілді. Наурыз айында ақсақалдар кеңесінің жаңарған құрамымен аудан әкімі Мұрат Балпан кездесіп, кеңестің бірінші отырысын өткізіп, төрағасын сайлады.

Біздің алдымызға аудандағы басқа қоғамдық ұйымдармен, атап айтқанда,ардагерлер қоғамымен, кәсіподақ ұйымдарымен, жастардың бірлестіктерімен тығыз жұмыс істеп, этносаралық татулық,  қайырымдылық бағытында іс-шаралар ұйымдастыру секілді міндеттер қойылды. Сонымен бірге, біздің кеңес мүшелері аудан жастарымен кездесіп, өмірлік тәжірибелерімен бөліседі, оларға дұрыс жол сілтеп, бағыт-бағдар береді, өз елін, тарихын құрметтеуге шақырады, қазақстандық патриотизмді нығайтуға атсалысады, жалпы, қоғаммен билік арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге орай жұмыстар атқаратын болады. Аудандық Ақсақалдар кеңесінің келесі отырысын мамыр айының орта тұсына жоспарлап отырмыз.

Владимир БИДЖИЕВ,
Аршалы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар