Құрметті ақмолалықтар! Қадірлі жерлестер!
Барлық православиелік христиандарды Пасха мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күннің мүміндердің жүрегіне иман мен үміт ұялататын, жақсылық пен тыныштыққа ұмтылатын терең адамгершілік мәні бар.
Пасха ізгі ойларға, игі істерге және шынайы рухани құндылықтарға – мейірімділікке, өзара құрметке, өмір мен отбасына және өз халқына деген сүйіспеншілікке шақырады.
Осы тамаша мейрамда туған еліңіздің игілігі үшін атқарған игі істеріңіз бен жемісті еңбегіңіздің қайтарымы мол болып, шығармашылық ізденістер мен рухани игіліктер биігінен көріне беріңіздер.
Сіздерге ертеңгі күнге тыныштық, жақсылық, өркендеу мен сенімділік тілеймін!