Қосымша блок-модульді қазандық салу жоспарлануда

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Краснояр ауылының салынып жатқан әлеуметтік маңызы бар нысандарында болды. Жұмыс сапары тұрғындардың ұжымдық өтініші негізінде ұйымдастырылды.

Облыс басшысы «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек орталығы» МКҚК-ы күрделі жөндеу барысымен танысты. Орталық директоры Серік Сахиевтің айтуынша, мекеме ауылдағы ересектер мен балаларға білікті бастапқы-медициналық-санитариялық, емдеу-диагностикалық көмек көрсетеді.

– Емхананың құрамына Гранитный ауылындағы бір дәрігерлік амбулатория және Нұрлы көш кентіндегі фельдшерлік-акушерлік пункт кіреді. Жоспарлы қуаты бір ауысымда 200 адам қабылдау, 20 төсектік жалпы бейінді күндізгі стационар. Бүгінгі таңда инженерлік инфрақұрылымды ауыстыру, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, – деді С.Сахиев.

Өңір басшысы бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін реформалау әлі күнге дейін күн тәртібінде тұрғанын, сондықтан өңір тұрғындарының жайлы тұруы үшін бірінші кезекте барлық жағдайлар жасалатынын атап өтті. Мұнда бұрынғы медициналық мекеменің ғимаратын бұзу және қабылдау бөлімін ашу мәселесі қаралды. Облыс әкімі салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Бүгінгі таңда орындалған жұмыс көлемі 35-40 пайызды құрайды.

– Жұмыстарды кестеге сәйкес және сол сәтте сапалы жүргізу қажет. Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі бұл нысанды ерекше бақылауға алады, – деді М.Ахметжанов.

Одан әрі жұмыс сапары ауылдың блок-модульдік қазандығына барумен жалғасты. Жобалық қуаты 9 Гкал/сағат қазандықта әрқайсысы 3 Гкал/сағат жылу қуаты бар үш кВтс-3,5 су жылыту қазандығы орнатылған. Жылу тұтынушылардың жалпы саны-323 нысан. «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК директоры Руслан Макишевтің ақпараты бойынша Красный яр ауылында қосымша блок-модульді қазандық салу жоспарлануда, ол қосымша объектілерді орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосуға мүмкіндік береді, өйткені, қолданыстағы қазандықтың қосымша объектілерді қосу үшін қуаты жеткіліксіз.

Сапар Нұрлы көш шағын ауданында салынып жатқан 280 орындық балабақшаға барумен аяқталды. Нысанды биыл аяқтау жоспарлануда.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар