Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерекшелігі мол Арт Студия - АРҚА АЖАРЫ

Ерекшелігі мол Арт Студия

Жуырда Бұланды ауданы, Макинск қаласында жеке кәсіпкер Лилия Ларина Арт-студия ашты. Негізгі мақсаты – дәстүрлі және дәстүрлі емес сурет салу әдістерін қолдана отырып, балалар мен ересектердің шығармашылық әлеуетін дамыту.

Дәстүрлі емес сурет салу әдістеріне: саусақпен, алақанмен, әртүрлі таңбалармен, монотип, сызғыш қағаз, жіппен бояу, шырақпен, көмірмен сурет салу, суға сурет салу (Эбру), нүктелік сурет (пуантолизм), матаға сурет салу, кляксография және тағы басқалары жатады.

–Қаламызда осындай бір студия ашамын деп көптен бері ойланып жүр едім. Өз күшіммен аштым, ешқайда жүгінген жоқпын. Бірінші білімім бойынша сызу, бейнелеу өнерінің мұғалімі, екіншісі суретші пейзажист болғандықтан, осы бағытта ашамын деп бел будым. Басында осы студияны ашатын орын табу қиын болды. Макинск қаласында жарық, кең, ең бастысы, суы бар бөлме табу қиын болды. Бірақ, сәті түсіп, қажетті орын тауып аштық қой. Қазіргі таңда біздің студияға ересек адамдар да келеді, әсіресе, әйел адамдар келеді, олар бос уақыттарын әртараптандыру, күнделікті тұрмыстық мәселелерден демалу үшін келіп тұрады, – деді өз сөзінде АРТ Студия иесі Лилия Ларина.

Студияда негізінен 3 топ жұмыс істейді – бірінші топ 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар, екінші топ 7 жастан 9 жасқа дейінгі балаларға, үшінші топ он жастан асқан балалар. Сондай-ақ, әртүрлі бағытта балалар мен ересектерге арналған кескіндеме, абстракция, аффирмация жасау бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі. Арт-терапия сурет салып отырған адамның эмоционалды көңіл-күйіне тыныштық, тұрақтылық береді екен.

Салтанат ДОСЕТОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар