Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Десантшы Бопи ағай - АРҚА АЖАРЫ

Десантшы Бопи ағай

Ұлы Отан соғысының ардагері Бопи Жәкішұлы Қалғанбаев 1925 жылы 25 мамырда Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Сулыкөл ауылында дүниеге келген.

1943 жылдың ақпан айында 17 жасар жасөспірім майданға шақырылды. Әскери дағдылардың қыр-сырын Алматы әскери жаяу әскерлер училищесінде (кейін мен сонда әскери борышымды өтегем) үйренді. Тамыз айында ол өзінің қатарластарымен әуе-десанттық бөлімше орналасқан Иваново облысының Тейково қаласына жіберілді. Ол әуеден 75 рет қауіпті секіріс жасап, алғаш рет биіктен қараған кездегі толқуын ешқашан ұмытқан емес.

1944 жылы Бопи Қалғанбаевтың отряды Вена мен Прага үшін шайқас аймағына ауыстырылды. Десантшы ең сұрапыл ұрыстар өткен Будапешті азат ету шайқастарына да қатысты. Қолбасшылық қаланы екіге бөлетін Дунай өзені арқылы оның басып алынған басқа бөлігіне өтуге бұйрық берді. Көпір оқшауланған, бірақ кеңес жауынгерлеріне қайықтардың болмауы да кедергі бола алмады, оларартиллериялық зеңбірек астында фашистерге жақындаған.

Ардагердің естеліктерінде біздің жауынгерлердің ерлігі, сол кездегі жас жігіттердің қайсарлығы, бірлік пен Жеңіске деген ұмтылысы мәңгі орын алған. Ең қиыны – осы сұрапыл соғыста күнде жолдастарының қазасын көру еді. Осындай ауыр жағдайлар туған жері Айыртау өңірінде мыңдаған шақырым жерде орналасқан Қалғанбаевтар отбасында да болды. Сарбаздың інісі мен әпкесі қайтыс болады. «Оқ сұрасаң, айналып өтеді, қашсаң, міндетті түрде басып озады», – дейтін ардагер ойлана сөйлеп.

Сондай-ақ, мыңдаған әскери жауынгерлердің қатарында Бопи Жәкішұлы тікелей1945 жылы мамырда Венгрияда өткен Жеңіс шеруіне, екі рет авиашоуларға қатысқан. 1948 жылға дейін десантшы Будапештте орналасқан полкте қалды. Үш жылдан кейін туған жері – Көкшетау облысындағы Сырымбет ауылына оралады. Қарағанды ​​педагогикалық институтын сырттай оқып, аяқтағаннан кейін Айыртау балалар үйінде мұғалім және тәрбиеші болып жұмыс істей бастайды, сол жерден 1985 жылы зейнеткерлікке шығады. Зайыбы Ләйла Сәпиева еңбек ардагері болған. 13 жасынан бастап өндірістік кәсіпорында тігінші болып, майдангерлерге киім тіккен.

Бопи Қалғанбаев екінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін»,  Вена мен Будапештті алғаны үшін, Жуков медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ, «1941-1945 жылдардағы майдангер» төсбелгісімен (Ресей), Жеңіс күнінің мерейтойлық даталарына арналған 20, 25, 30, 40, 45, 50, 60 жылдығына арналған медальдармен, «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған.

Бопи ағамыз өскелең ұрпақпен жүздескен кезде әрқашан адалдық, шынайылық пен ұлтжандылық жай сөз емес, қазіргі қоғамның қажеттілігі деп айтып отыратын. Сөзі де, өзі де асыл осындай ержүрек десантшыны сағынасың.

Нұрлан ЫСҚАҚОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар