Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пәтерлер тамыз айының ортасына дейін берілуі тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Пәтерлер тамыз айының ортасына дейін берілуі тиіс

Қазақстан Республикасының Вице-Премьері Қанат Бозымбаев Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен су тасқыны салдарын жою бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске бизнес өкілдері: «Verny Capital» ЖШС бас директоры Айдан Ақанов, «Integra Construction» ЖШС басшысы Андрей Ким және Құдрат Шамиев қатысты:. Аталған компаниялар басқа демеушілермен бірге аймақтағы жағдайды қалпына келтіруге атсалыспақ.

Ақмола облысында барлығы 1817 үй су астында қалды, оның 359-ы апатты деп танылса, қалған үйлер жөндеуге болатын баспаналар санатына жатады.

– Өңірдегі үйлерді жөндеу мен салуға барлығы 10,5 миллиард теңге қажет. Оның 5 миллиард теңгесін  Kaspi Bank, 1 миллиард теңгесін RG Gold компаниялары бөледі. Алдағы уақытта шамамен 4 миллиард теңге табу қажет. Әкімдіктің алдына 15 тамызға дейін су тасқынынан зардап шеккен Ақмола облысының барлық тұрғындары жөнделген және жаңадан салынған немесе сатып алынған үйлерге кіруі тиіс деген міндет қойылды. Жұмыс кестесі бар, мердігерлер анықталып, барлық тиісті қаражат бөлінетін болады, – деді Вице-премьер Қанат Бозымбаев.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды су басқан аймақтардан көшіру үшін Атбасар ауданының Атбасар қаласында 45 пәтерлі екі тұрғын үй салу жоспарлануда. Сонымен қатар Бұланды және Жарқайың аудандарында 87 жеке үй салынбақ.

– Біз төтенше жағдай  режимі жарияланған өңірлерде: Көкшетауда – 89, Жарқайың ауданында – 27, Есіл ауданында – 22, Астрахан ауданында – 34 және Жақсы ауданында – 10 дайын пәтерлер мен үйлер сатып алатын боламыз. Қауіпсіз аймақта барлығы 182 үй сатып алу жоспарланып отыр, – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, жергілікті билік облыстың жол және инженерлік инфрақұрылымын қайта жаңғыртуы керек. Бұл мақсаттарға Үкімет резервінен қаражат бөлінеді. Вице-премьердің тапсырмасы бойынша автожолдарды, көпірлер мен электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары шілде айында аяқталуы тиіс.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар