Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мектеп оқушысы ядролық реактордың моделін жасады - АРҚА АЖАРЫ

Мектеп оқушысы ядролық реактордың моделін жасады

Бұланды ауданының үш оқушысыБішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен оралды. 

Аталған байқауға Ресей, Қырғыз, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран және Қазақстан елдерінен 260 оқушы қатысқан. Онда Ақмола облысы атынан Бұланды ауданының  Никольское ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары Максим Журавлёв пен Асанәлі Әшімов, Макинск қаласындағы мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Анастасия Свидерская өз жобаларын таныстырып, қорғады. Соның ішінде 9 сынып оқушысы Асанәлі Әшімов «Ядролық реактор моделі» жобасы бойынша дайындаған жұмысын ұсыныпты.

–Қазақстан үшін бұл тақырып атом-электр стансасын салу жоспарына байланысты өте өзекті. Асанәлі ядролық реактордың моделін жасағанда дозиметрді қолдану принципіне мән беріп отыр. Ол бұл жобаны барлық жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін көрнекі оқыту моделі ретінде ұсынды, – дейді команданың жетекшісі, мектептің физика және информатика пәндерінің мұғалімі Артем Цимбал.

Оқушының моделі – нағыз ядролық реактордың эмуляторы. Ол реакторды 1:24 масштабындажасапмодельдегенжәне 3D принтерде басыпшығарған. Бұрғылау өзегі органикалық шыныдан жасалған. Реактордан бөлек, модельде 3D принтердің көмегімен құрастырылған, жұмыс істеп тұрған турбина мен генератордың, тұрақты қозғалтқыштардың имитациясы бар. Сонымен қатар, модельдерадиация мен сәулеленудің рұқсат етілген дозасын бақылайтын дозиметр пайдаланылған. Реакторды 2 Arduino UNO тақтасы басқарып тұрады, олар реактор мен сорғының жұмысын бақылайды. Егер реактор жұмыс істемей қалса, модельде оны шұғыл өшіруге арналған ескерту жүйесі тәрізді«қоңырау» түймешесі орнатылған. Асанәлі бұл жобаны аталмыш халықаралық байқаудың «Жаңа теориялық әзірлемелер» секциясындақорғап, нәтижесінде 3 дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталды.

–Жобаның жетекшісі Артем Цимбал жас та талантты, бастамашыл педагог. Ол балалардың ғылым мен техникаға деген қызығушылығын оятып келеді. Өзі де үнемі ізденіс үстінде, білімін толықтырып, оқушыларын зерттеу процестеріне тартады. Бұдан кейін балалар өздерін нағыз өнертапқыштарсияқты сезініп, ғылымға қызығушылық таныта бастайды. Артем Сергеевичтің оқушылары облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі жобалықбайқауларында көптеген жүлделі орындардан көрініп жүр, – дейді халықаралық байқау туралы аудандық білім бөлімінің мамандары.

Айта кетейік, Асанәлі бұған дейін былтыр осындай командалық жобаға қатысып, 3 дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталған болатын.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар