Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өндірісте жазатайым оқиғалар жиілеп кеткен - АРҚА АЖАРЫ

Өндірісте жазатайым оқиғалар жиілеп кеткен

Жұмыс орындарындағы ең бір өткір мәселені талқылаған кездесуге кәсіподақ ұйымдары, салалық мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпорын басшылары қатысты.

Мамандардың бағалауы бойынша, қазіргі кезде өндірістік жарақаттанудың жалпы деңгейінің төмендеуі аясында елдегі еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйін қанағаттанарлық деп санауға болмайды. Мысалы, кейінгі үш жылда Ақмола облысында өндірісте 137 жазатайым оқиға тіркелді, оның ішінде 37-сі өліммен аяқталды.
Кәсіптік тәуекелдер дәрежесі жоғары болып тұр, қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін жұмыс орындарының саны артып келеді, тау-кен металлургия, агроөнеркәсіп кешендерінде, құрылыс саласында жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталған.

–Жыл ішінде жазатайым оқиғалардың өсуі байқалады. Оның шарықтауы 2023 жылға келеді және 51 жағдайды құрады. Салыстыру үшін, бұл көрсеткіш 2021 жылы – 36, 2022 жылы 50 болды. 2023 жылы зардап шеккендердің саны 54 адам болды. Жазатайым оқиғалардың ең көп саны тау-кен өндіру, тау-кен металлургия өнеркәсібінде (25), ауыл шаруашылығында (24), энергетика саласында (13) және құрылыс саласында (7) байқалды. Мұның бір себебі, 137 кәсіпорынның  тек 49-ында кәсіподақ ұйымдары бар. Аталған кәсіпорындарда өндірістік кеңестер құрылмаған және техникалық инспекторлар жоқ, – деп атап өтті Өңірлік кәсіподақ орталығының еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы Болат Жұпинов.

2024-2026 жылдарға арналған Ақмола облысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасының таныстырылымы барысында өндірістік жарақаттану деңгейі жұмыс орнындағы қауіпсіз жағдайларды бағалаудың негізгі индикаторларының бірі екені айтылды. Тозған жабдық, ескірген технологиялар және өндірістік процестерді уақытылы ауыстырмауына байланысты жазатайым оқиғалардың пайда өсу үрдісі бар. Қазіргі кезде ауыстыруды талап ететін өндірістің негізгі құралдарының үлесі өңдеу өнеркәсібінде 40 пайызға, көмір саласында 60 пайызға, энергетика саласында 70 пайызға жетеді. Сонымен қатар, көмір өндірісі, орман шаруашылықтарындағы техногендік оқиғалар жауапты адамдардың олардың салдарын тиімді және қауіпсіз түрде жоя алмайтынын көрсететін бірқатар проблеманы туындатты.

Кездесуге қатысушылар қауіпсіз еңбек жағдайларын арттыру мәселелерін талқылады. Жарақат алу қаупі бойынша жұмыс орындарын аттестаттау қызметкерге ең қауіпсіз жағдайды таңдауға мүмкіндік беретін шаралардың бірі болып табылады. Сондай-ақ өндірісте техникалық инспекторды енгізу мүмкіндігі қарастырылды, ол басшы мен ұжым арасындағы байланыстырушы буын болуы керек. Айта кетейік, әртүрлі кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасының талаптары мен қажетті шаралар кешені салалық ерекшеліктерге байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

–Екі жыл қатарынан кәсіпкерлер палатасының алаңында біз еңбекті қорғау және еңбек заңнамасындағы өзгерістер мәселелері бойынша семинарлар өткіземіз. Бүгінгі таңда ұжымдық шарттардың үлесі барлық тіркелген кәсіпкерлердің 10 пайызын ғана құрайды. Келесі жылы бұл көрсеткішті 20 пайызға, 2026 жылы 30 пайызға дейін арттыру жоспарланған. Сонымен қатар, біз өлімге әкелетін жазатайым оқиғалардың үлесін азайтуымыз керек. Шаралар кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарынан бастап, барлық шараларды қамтитындай әр түрлі болуы керек. Бүгінгі таңда серіктестерімізбен жол картасы әзірленді, оның аясында біз белгілі бір қадамдарды жүзеге асырып жатырмыз, – дейді Ақмола облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Мариям Әбішева.

Ақмола облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Уакыт Бейсембаевтың пікірінше, өндірістік жарақат алу проблемасы кез келген меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар үшін алаңдатарлық жағдай болуы керек.

–Еңбек міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиға – еңбек инспекциясы, өрт сөндіру қызметі сияқты бірқатар тексеруші органдардың жұмысына сын. Мұндай проблемаларды болдырмау үшін қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қажет, – деп санайды ведомство өкілі.

–Тақырып өте өзекті. Дүние жүзінде жыл сайын өндірісте шамамен 340 миллион жазатайым оқиға тіркеледі. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері ең алдымен, жұмыс берушілер үшін маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан біз тиісті ұйымдармен бірлесіп, кәсіпорын басшыларына еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу, қызметкерлердің қаза табуын, жарақаттануын болдырмау үшін тиісті талаптарды мүлтіксіз сақтау, жазатайым оқиға немесе апат болуы мүмкін жағдайларды болдырмау қажеттігін талқылау және жеткізу үшін осы кездесуді өткізуді ұйғардық, – деп атап өтті Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Расында, еңбек қауіпсіздігіне бағытталған мұндай шаралар жиі өтуі және олардың белгілі бір нәтижесі болуы тиіс.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар