Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ата-ана рухына бас иіп... - АРҚА АЖАРЫ

Ата-ана рухына бас иіп…

Көкшетау  қаласындағы «Мир печати»  баспасында жарық көрген «Қарлыкөлдің ағатайы» атты естелік кітабы Ұлы Отан соғысының ержүрек майдангері, ел ардақтысы Бәйкен Иманғожаұлының бір ғасырлық ғибратты ғұмырына арналған.

Табиғаты көркем, жері шұрайлы бұрынғы Көкшетау ауданындағы Қарлыкөл ауылында 1924 жылғы 20 мамырда өмірге келген Бәйкен Иманғожин он алты жасында ауылдық  Кеңестің хатшысы, колхоз төрағасы, бөлімше басқарушысы болғанында ел тарихындағы қилы кезеңдерді бастан кешіріп, шыңдалу мектебінен өтті.   Ел басқару ісіндегі  ұйымдастырушылық қабілеті ескеріліп, 1971 жылы Бұлақ  селолық Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл қызметті он үш жыл абыроймен атқарып, елді мекендердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға елеулі  үлес қосты.

Әріптестерінің, ауылдастарының, туыстары мен ұл-қыздарының естеліктерінде ерлі-зайыпты Бәйкен Иманғожаұлы мен Тоты Нарбайқызының іскерлік қабілетіне қоса, адамгершілік қасиеттері жайлы да жылы лебіз білдірілген. Иманғожа ата әулетінің  шежіресінен сыр  шертетін көне фотосуреттер де талғампаздықпен таңдалған. Бұл орайда, естелік кітапты жазып, шығаруға шығармашылық үлесін қосқан журналисика ардагері Балталы Сәрсенбаевтың да еңбегі алғысқа  лайықты.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар