Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалар демалысы да назарда болады - АРҚА АЖАРЫ

Балалар демалысы да назарда болады

Ақмола облыстық мәслихатының депутатыВасилий Шиманский Есіл қаласының бірнеше нысандарына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына қандай жағдайлар жасалғандығы жөнінде мониторинг жүргізді.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы болып табылатын осы депутаттың мониторинг қорытындыларының негізінде Есіл ауданында Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы болып өтті. Оның жұмысына «АMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ақманат Әлімбетова қатысты. Қоғамдық кеңес мүшелері аудан орталығы Есіл қаласындағы мектеп-интернаттың жұмысымен танысты, сондай-ақ, Есіл мен Свободное елді мекендеріндегі балаларды патронаттық тәрбиеге алған бірнеше отбасына барды.

Қоғамдық кеңес отырысында бала тәрбиесімен айналысатын мемлекеттікмекемелерде балаларды оқыту және олардың тұру жағдайлары, Жол картасымен бекітілген 12 нысанның мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бейімдеу жоспары мен«АMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы мәселелер қаралды. Сондай-ақ, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, соның ішінде оларды жазғы сауықтыру лагерьлеріне жіберу мәселелері де талқыланды. Кеңес мүшелері осы жөнінде мемлекеттік мекемелерге ұсыныстар жолдайтын болды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар