Су тасқынынан өткен ай оңай болмады

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Шортанды ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне ойдағыдай қол жеткізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауданәкімі Сағындық Шабаров мәлімдеді.

Шортанды ауданының әкімі өз сөзіндесу тасқыны салдарынан өткен ай оңай болмағанынатап өтті. Табиғи апаттың алдын алу бойынша белсенді жұмыстарға қарамастан, тұрғын үйлерге еріген қар суының ену фактілері орын алды. Үлкен су ағынының салдарынан  бірнеше бағыттағы жолдар шайылып кетті. Бүгінгі таңда аудан аумағында қозғалыс қайта қалпына келтірілді.

–Жалпы, жолдар бес бағыт бойынша шайылды.  Атап айтқанда, аудандық маңызы бар  төрт  жол, облыстық маңызы бар  бір жол су астында қалды. Қазіргі уақытта олардың  төртеуі бойынша жолдар қалпына келтірілсе, Степной-Шортанды бағыты бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Осы айдың соңына дейін оны да аяқтау жоспарлануда, –деді аудан әкімі.

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар қолдаусыз қалған жоқ. Жергілікті бюджеттен 34 отбасына 12,6 миллион теңге қаржы берілді. Тұрғындардың күрмеулі мәселелерін шешу жолында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Ауданда халықтың тұрмысын жақсартуға баса назар аударылған. Биыл 171 миллион теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді.Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 3477 шаршы метрді құрайды.Бүгінгі таңда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым да белсенді дамып келеді.

–2024 жылдың 1 тоқсанында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 31,2 миллиард  теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 2,2 миллиард  теңгеге артық. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі115,7 пайыз болды. Бұл облыстық рейтинг бойынша 4 орын. Біздің алдымызда тағы бір міндет тұр. Олагроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліске қол жеткізу. Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,7 миллиард  теңгеге жетті,– деді Сағындық Шабаров.

Қазіргі уақыттаауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көктемгі дала жұмыстарына кірісіп кетті. Биылғы көктемгі егіске 23,5 мың тонна тұқым дайын. Бұл қажетті тұқымның 100 пайызы.

Сондай-ақ, ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 7 жоба жүзеге асырылуда. Тұрғындарды жылумен, электр энергиясымен және ауыз сумен қамтамасыз етуге де тиісті көңіл бөлінуде.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар