Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қорғалжын ауданында болған жұмыс сапары барысында Қорғалжын ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысымен танысты.
Қазіргі таңда аталмыш ғимараттың металл қаңқасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Қабырғалары мен шатырлардың сэндвич-панельдері, сонымен қатар, нысанның терезе блоктары орнатылған. Сондай-ақ, екінші қабаттың металл конструкциялары да бой көтеруде.
Учаске шебері Ақиық Ноғаевтың айтуынша, «Жаркент алғыр» құрылыс компаниясы» серіктестігі құрылысқа қажетті барлық материалдармен қамтамасыз етілген. Нысанды 2024 жылдың төртінші тоқсанында тапсыру жоспарлануда.
– Аудан тұрғындары үшін бұл нысан спорт орталығына айналуы тиіс. Сондықтан, біз үшін ғимараттың сапалы және мерзімінде салынуы өте маңызды, – деді облыс әкімі.
Атап өтуіміз керек, осы тектес спорт нысандары Есіл, Жарқайың, Жақсы, Ерейментау аудандарында және Краснояр ауылында салынуда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.