Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түйте әулие - АРҚА АЖАРЫ

Түйте әулие

Ұрпағының қамын ойлап, жеті атасынан асқанша қыз алып, қыз беріспейтін қазақ халқының ежелден қалыптасқан дəстүрлерінің бірі – шежіре таратуы. Жеті атасын білмегенді «жетесіз» деп сөккен жұртымыз шежірені тарихты айтумен бір деп есептеген. Себебі, ол ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ата-бабалар тарихы. Əр қазақ өз ата-бабаларының өмірде жасаған ғибратты істерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сол арқылы тектілікті мирас еткен, жастарды тəрбиелеп отырған. Жеті атасын білу – əрбір қазақтың міндеті  деп есептелген. Қазіргі таңда түп-тегіңді білу, бабалар тарихын зерделеу, ағайын-туысқа бір əулеттің жалғасымыз деген сезіммен қарап, араласып-құраласып тұру үшін əр өңірлерде ру-тайпалардың шежіре кітаптары жарық көріп жатқаны шындық. Сондай-ақ, осы шежірелерде заманында есімдері ел арасында кең тараған, атақтары дүйім жұртқа жайылған тұлғалы адамдар жайында көп жазылатыны белгілі.

Кеңес өкіметі тұсында шежіреге ескіліктің қалдығы деген көзқарас болып, ата тарихымызды санамыздан өшіріп ала жаздадық. Ұрпақ сабақтастығы үзіліп, тарихи тұлғаларымызды ұмыттық. Сондықтан да, осындай кісілердің бүгінгі ықыласты ұрпақтары ата-баба тарихын зерттеп, түрлі шапағатты шаруаларды атқарып жатқаны жасырын емес. Міне, осындай игілікті іс биылғы жылы Қозған руындағы Түйте əулие Дүйсенұлының рухына арналып, ұрпақтары тарапынан басталғалы тұр.

Заманында ауырған адамның тамырын ұстап, ем-домын жасаған тəуіп атамыздың басын қарайтып,  кесене-мазар  орнату ниетіндеміз. Қазақ шежіресінің  білгірі Мəшһүр Жүсіп Көпеев жазбаларына сүйеніп, жергілікті көпті көрген қариялардың айтуымен, 2007 жылдың 9-11 тамыз күндері Ерейментау ауданындағы  Байсары ауылының жанындағы əулие ата бейітінің басында ас беріліп, белгі қойылды. Бірақ, анықтап алатын  жағдайлар туындап, мазар көтеру ісі тоқтап қалды. Қазір осы мəселелер оң шешіліп, биылғы жазда қолға алынғалы жатыр.

Енді Түйте əулие жайлы бүгінгі күнге дейін жеткен жазбаша жəне ауызша деректерге тоқталып, соған назар салайық. Мəшһүр Жүсіптің «Қазақ шежіресі» кітабында мынадай ақпарат берілген: «…Асаубайдың кенжесі Бəзіл қажы атанған. Қыстауы Сілетіде, Ешкіөлместе. Бəзіл қажыдан Ғұбайдолла, Бопкен туады. Бопкен балалары – Жиіпалла, Нұрхамит. Кейін Ғұбайдолланы Омбыға, Бопкенді Семейге жер аударған». Бопкен Семейге барамын деп, Қызылтау баурайында атын ұрлатып, жаяулап қайтып, Ескелдіде отырғанда, құдай рахметті қылсын, Мəшһүр Жүсіпке кез болып, –«қатын-балаңды тауып ал»– деп, бір шабдар атты басыбайлы  өзінікі қылып, мінгізіп қоя береді.

Сол Бопкен айтты дейді: –«Қозғаннан шыққан Түйте тəуіптің моласы біздің қысты күнгі қотанымыз», – деп. Үстіне ағаш шыққан. Ағаштан жасаған моласы бар. Бұл күнге дейін тозған жоқ, құлаған жоқ. Сонымен қатар, əулие атамыз туралы Мəшекең жазбаларында тағы да мынадай деректер бар: «Түйте тəуіптің қонысы əулиелі Қызылтауда, жынперімен алысқан жеріне əлі күнге шейін шөп шықпайды, көктеуі мен күзеуі Шідерті өзенінің жайылған жері, Ақкөл — Жайылмада. Қаражар, Күрең бие деген жер, жұрт осы күні əулиелі Ақкөл деп жүр. Сол Түйте тəуіп қоныс қылған соң əулиелі Ақкөл деп атайды, өзі жайлауда Сілеті бойында Ешкіөлместен жиырма бес шақырым Керей Бəзіл қажының ауылында дүниеден өткен. Зиратын ағаштан қиып салған екен, басына барып дұға қылдым». «Қозғаннан шыққан Түйте тəуіп қыстауы Қызылтауда, Жосалы деген жерде. Таң намазын сол жерде оқып, бесін намазын Ақкөлдің жағасында оқып, бір күн түнеп жатып, ертеңгі памдат намазын сол жерде оқып, бесін намазын үйіне барып оқиды екен. Бес намазды  Ақкөл басында   бір дəретпен оқып, бес намазды үйінде бір дəретпен оқып, өмір бойы əдет қылған дейді. Ақкөлдің «əулиелі Ақкөл» атанғаны сондықтан екен. Бұл Қозғаннан шыққан Түйте тəуіптің моласы Сілеті бойында Ешкіөлместен жиырма бес шақырым төмен, Жебеке Ақылтау  ұрпағының қотанында, бас жағына қараған, аяқ жағына тікен шыққан. Моласын өзі көзі тірі күнінде ағаштан қидырып жасатқан екен. Басына түнеп балалы болғандар көп дейді. Ақыл шөбересі, Асаубай немересі, Бəзіл қажы баласы Бопкен сөйдеді. Өзіне Қаракесек деген елден тоқсан қатын келіпті бала сұрап, бəріне де бірдеме депті, бір қатын құр қалыпты. Ол қатын назаланып жылап:

– Осынша қатын бəрі алғанда, құдайдың сүймес пендесі мен болғаным ба, көзіңіз жетті ме?– деп жылап қоя берген соң, Түйте əулие: –Бара бер, бердім! – депті. Сол бала Жарылғап Ақтанберді баласы Жанысбай болған екен деседі».

Шежіреші Мəшекең Түйте əулие жайында өз жазбаларында осылайша ой түйіпті. Осы дəйексөздер  əулие зиратының анықталғанын  көрсетеді. Дегенмен де,  ел аузындағы кейбір əңгімелер мен мұрағаттық құжаттарда Түйте əулие зираты Əулиекөл көлінің жағасында екені айтылады. Жоғарыда жазылған анықтап алуға тиісті жəйттар жайы осындай еді. Енді соларға тоқталайық. Көнеден көнеріп  жеткен ел ішіндегі ескі аңыз-əңгімелерге құлақ  түрсек, Түйте əулие өз елінің көшін бастап келе жатқанда,  көлді  жағалай жайлап отырған қалың елге кездеседі. Алыс жолдан шаршаған көшті дамылдатып, біраз уақыт тынықтыруға рұқсат сұрап, елші аттандырады сол елге. Сөйтсе, бұл  Қанжығалы Көлебе батыр ауылы екен. Ол көштің аялдауына ықылас білдірмейді. Сонда батырға жолығуға Түйте əулие өзі келіпті. Екеуара  əңгіме барысында ер Көлебе: «Əулие болсаңыз, астымдағы атымды шідерсіз шідерлеп беріңізші!», – деген екен.

Түйте тұлпардың құйрығынан қыл суырып алып, аяғын орап тастайды. Тұлпар тырп етпейді. Жай кісі еместігін түсінген Көлебе әулие Түйтені  үйіне түсіріп,  қонақ қылады. Азанда оянып қараса, аты тапжылмай шідерленген орнында жайылып тұр. Тəнті болған батыр: «Сіз шын əулие екенсіз. Біздің ауыл үстінен өткеніңіздің белгісі болсын», – деп дəу тасты көтеріп əкеліп, ат тұсаулы тұрған жерге қадапты. Разы болған Түйте əулие батыр үйінің жанына қолындағы таяғын шаншыпты. Осы таяқ жайқалып, үлкен ағаш болып өсіп шығыпты-мыс.

Жергілікті тұрғындар осы аңыздың желісі бойынша бұл жерді қасиетті орынға балап, қоршап қойған. Адамдар арнайы ат басын бұрып, тəу ете бастаған. Сапарлап келе жатқан жолаушылар тиын-тебен тастап, «жолымыз ашылады» деп ырымдаған. Уақыт өте келе аңыз мазмұны көмескіленіп, Көлебе батыр қадаған тас пен Түйте əулие шаншыған таяқ орны жаңағыдай себептермен өзгеріп, бұл жер Түйте əулие бейіті деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан да болар, «Семипалатинский листок» газетінің редакторы Н.Я.Коншин Семей қаласындашығыптұрған «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского русского Географического общества» аттыжурналдың 1903 жылғыалғашқысанындажарықкөрген «О памятниках старины в Семипалатинской области» дегенмақаласында: «В Аккульской волости около озера Аулиеколь есть небольшой курганчик, под которым погребен по рассказам киргизов святой Туйтэ», –депжазған.

Бұлбіздіңшежансақмағлұмат. Біріншіден, «жар басына там салма, жар құласа там кетер» дегенұстанымменөмірсүргенқазақхалқыкөлдіңқұламажиегінеешқашандазиратсалмаған. Екіншіден, атазиратынанықтаудамұрағаттықұжаттарменжəнесолзамандағыкарталармензерттеужүргізгенөлкетанушы-тарихшыДəуренАяшиновеңбектеріəулиебейітініңорныннақтылаптұр. ЕндіД.Аяшиновтыңдеректеріненазараударайық. Түрлімұрағаттыққұжаттарменжұмысістеп, тер төккенұзақізденістерденкейінөлкетанушығабіздіңөлкеніңтарихытуралыөтеқызықтымəліметтері бар құндыматериалдарментанысусəтітүскенекен.

Ресей империясы Сібір генерал-губернаторының штаб офицерлері жасаған өте сирек кездесетін əскери топографиялық карталар мен 1830 жылдардан бастап халықты, мал басы иелерін тіркеу тізімі зор маңызға ие. Құжаттармен танысу барысында Түйтенің мынадай генеологиялық кестесі, яғни, шежіресі анықталды: Түйте — Дүйсен — Таласбай — Шүрен — Жиенəлі — Ораз — Тəңірберді — Қозған (Оразгелді) — Бегендік. Мал басы иелерінің  тізімі құжаттарында 1835-1854 жылдары Түйтеұлы Байбөрі, ағалары Сасық, Еділ, Дүйсеновтер Шүрен ауылы мен  Баянауылдан қырық шақырым жердегі Ақшоқы, Қаратас жəне Жосалыны қыстайтыны жазылған. 1866 жылғы тізімде Елубай Байбөріұлы (№655) туралы дерек бар. 1881 жылғы əскери топографиялық картада Түйте əулие зираты  Əулиекөл көлінің жағасында екені анық көрсетілген. Осыны негізге алған болуы керек, 2001 жылы Түйте шөбересі Ырысты Қырқай (Қырқай – Байбөрінің баласы) бұл жерге ескерткіш тақта орнатыпты. Əулие зиратына байланысты Мəшекең жазбаларындағы дерек пен картадағы белгі – екі айырмашылық қосымша зерттеуді қажет етті. Нəтижесінде 1848 жылғы Санкт-Петербург қаласында шығарылған Батыс-Сібір аймағы картасы табылып, Сілеті өзені бойындағы мазар салынатын тұс «Түйтенің адыры» аталғаны  анықталды. Сонымен, Мəшһүр Жүсіп жазбалары мен тарихи құжат – аталмыш картадағы жер атауына сүйенсек, Түйте зираты Байсары ауылының жанындағы мазар салынатын жер екені күмəн тудырмауы керек. Мен тарихшы да, жазушы да емеспін. Көзі қарақты оқырман ретінде жоғарыдағы жазба деректерге үңіліп, осындай шешімге келдім. 1848 жылғы Батыс-Сібір аймағы картасының басқа карталарға қарағанда салмақтылығын  ескерсек, бұл тоқтам дұрыс болар еді.

Жұмабек  РАХЫМБЕКҰЛЫ.

Ажы ауылы,

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар