Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыссыздар санын азайтуға септігін тигізуде - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыссыздар санын азайтуға септігін тигізуде

Өңірімізде әскери қызметкерлерді қолдауға бағытталған «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасын іске асырудың алғашқы тоқсандағы қорытындысы туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл жоба облыстық «Жастар-ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастамасымен  ағымдағы жылдың басынан бастап әскери қызметін атқарған жастарды және әскери міндеттілерді жұмысқа орналастыру үшін іске асырылып келеді. Жобаның тағы бір мақсаты жастардың Отан алдындағы азаматтық борышын сезінуге және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыруға септігін тигізу болып табылады.

Аталған шарағаоблыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, облыстық мәслихаттың депутаты Умар Шоназаров, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы, запастағы полковник Жанат Ережепов, «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Айгүл Нұрмағанбетова және облыстық білім басқармасы, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 5510 әскери бөлімі, жастар орталығының өкілдері қатысты.Дөңгелек үстел үстінде әр мекеме, ұйым өкілдері бірінші тоқсан бойынша осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Жиын барысында белгілі болғанындай, аталмыш жоба аясында облыстық жастар-ресурстық орталығы 6 ұйыммен меморандум жасап, жиырма тақырыптық бейнеролик жариялап, 155 мың қаралым жинаған. Сондай-ақ, келісім-шарт бойынша 453 адам жұмысқа орналасқан. Оның ішінде полиция департаментінде 55,Қарулы Күштерде 275, Азаматтық қорғаныс қызметінде (мемлекеттік күзет қызметі) 15, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (ҰҚК Шекара қызметі) 163, төтенше жағдайлар департаментінде 36 әскери маман қызметпен қамтылған. Бұған қоса, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 12 адам жұмысқа орналасса, 11 адам оқуда.Сонымен қатар, өңірлердегі жастар ресурстық орталықтары аудандарда да тиісті органдармен меморандумдар жасап, жұмыспен қамту бойынша дөңгелек үстелдер, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, өмірлік маңызы бар басқа да шаралар мен тренингтер өткізген. Нәтижесінде барлығы 155 ақмолалық жұмысқа орналасып, 276 адам жобаның тиімділігі туралы ақыл-кеңес алған.

–Жастар-ресурстық орталығының психологиялық көмек көрсететін және тренингтер өткізетін әлеуметтанушы-психологы «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында меморандум жасалған ұйымдарда тиісті жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде көктем мерзімінде әскерге шақырушылармен, Көкшетау қаласындағы азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде азаматтық қорғау бөлімінің төтенше жағдайлар мамандығының студенттерімен, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық училищесі» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны Щучинск филиалында мерзімдік әскерге шақырушылармен кездесулер, тренингтер өткізілді, – дей келе, Сабырхан Кенжебаев жобаның алдағы уақытта да жалғасатынына, демек, өз нәтижесін беретініне сенім білдірді.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар