Бұл да тағдырдың адам басына жазғаны

Мамырдың әр үшінші жексенбісі бүкіл әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні болып есептеледі. Бұл күннің тарихын еске түсіретін болсақ, оны алғаш рет 1983 жылы Сан-Францискода АИТВ-инфекциясы мәселесінен жеке зардап шеккен адамдар тобы ұйымдастырды.

Содан бері бұл күн тек медициналық қауымдастықта ғана емес, қоғамда да танымал күнге айналды. Осы атаулы күнді өткізудің мақсаты ­­АИТВ-инфекциясы өмірін қиған адамдарды еске алу және осы аурумен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету, сондай-ақ, осы инфекциямен байланысты үрейді жою болып табылады.

­–Ақмола облысында АИТВ инфекциясының таралуына қатысты жағдай тұрақты. Бүгінгі таңда ең көп таралғаны қорғалмаған жыныстық қатынас, инъекциялық есірткіні пайдалану, яғни, қан арқылы жұқтыру, сондай-ақ, жүктілік, босану мен емізу кезінде анадан балаға жұғу жағдайлары. Сондықтан, ерте жыныстық қатынастан бас тарту, жыныстық серіктесіңізге адал болу және мүшеқап сияқты қорғаныс құралдарын пайдалану жыныстық жолмен берілетін осы инфекция қаупінен сақтайды. Ал, АИТВ-инфекциясын емдеу туралы айтатын болсақ, өкінішке орай, бүгінгі күні біз адамды толығымен емдей алмаймыз. Бірақ, ретровирусқа қарсы терапияның пайда болуының арқасында біз вирусты денсаулыққа зиян келтірмейтіндей етіп, тиімді басқара аламыз. Бақылау кезінде АИТВ ілеспе ауруларды тудырмайды және пациенттердің өмір сүру сапасына кері әсер етпейді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар отбасын құру, дені сау балаларды дүниеге әкелу, сүйікті ісімен айналысу, мансап құру, қартаю және зейнетке шығу, яғни, вирус жұқтырмаған адам секілді толық және бақытты өмір сүре алу мүмкіндігіне ие екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, ғалымдар АИТВ-мен өмір сүретін адам үнемі ретровирусқа қарсы терапияны қабылдаса және вирустық жүктеме анықталмайтын болса, вирусты басқа адамға белгілі жолдармен жұқтыруы мүмкін емес екенін дәлелдеді. Елімізде АИТВ індетін жұқтырған азаматтар мемлекет тарапынан тегін қолданылатын терапиялық емді диагноз қойылғаннан кейін бірден бастап кететіні қуантады.ЮНЭЙДС мақсаттарына сәйкес, АИТВ мәртебесін білетін пациенттердің 95 пайызы ағзадағы вирусты басу үшін ретровирусқа қарсы терапияны қабылдауы керек. Облысымызда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 96 пайызы ем қабылдайды, – деді осы атаулы күнге байланысты өткен брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов.

Сонымен қатар, осы шарада орталықтың АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі Балгын Сарбасова сөз алып, өз жұмыстарының жай-жапсарымен таныстырып өтті:

­–Өңірімізде жыл басынан бері инфекция жұқтырған 48 жағдай анықталды. Инфекцияныңнегізгіберілужолы – жыныстыққатынас. Орта есеппен он адамныңтоғызы бұл аурудықорғалмағанжыныстыққатынасарқылыжұқтырған. Жасқұрамыбойынша ауруға шалдыққандардың жас аралығы 30-49 жас.Біздіңойымызша, АИТВ-инфекциясыныңалдыналушараларынахалықтыңназарынаударужәнеақпараттандырудыарттырудыңтиімдіжәнеұтымдытетіктерініңбірі – әлеуметтікжарнама.Көкшетаужәне Щучинск қалаларыныңорталықкөшелеріндеалты баннер орналастырылған. Төрт ірі елдімекенде, атап айтқанда Көкшетау, Степногорск, Щучинск және Атбасар қалаларында орналасқан базарларда, сауда үйлерінде ауруды жұқтыру жолдары туралы баяндайтын және тестілеуден өтуге шақыратын, сондай-ақ, АИТВ-пен өмірсүретінадамдарғақатысты стигма мен кемсітушіліккежолбермеудітүсіндіретінаудиороликтер, «Kokshe» телеарнасы меноблысорталығыныңекіжарықдиодтыэкранындабейнероликтеркөрсетіліп тұрады. Барлықтанымаләлеуметтікжелілердегі сайт пен аккаунттараптасайынжаңартылыпотыратынөзектіжәнепайдалыақпаратпенқамтылған. Соныменқатар, орталықмамандарыбіздіңқалатұрғындары мен қонақтарына АИТВ туралыакциялардыбелсендітүрдеөткізуде. Әдетте,бұліс-шараларқалалықсаябақтаөтеді. Акция өтетінжердегі мамандандырылғанақпараттық-диагностикалық көліктекезкелгенадам АИТВ-ғажеделәдіспентестілеуденөтіп, сондай-ақ, мамандардыңкеңесін ала алады.  Мысалы, 2023 жылы 15 акция өткізіліп, оған 1400-ден астамадамқатысты, ал, 348 қатысушы өздерінің АИТВ мәртебесін білді, – деді ол.

Бүгінгі таңда облысымызда Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды ескеалу күніне орайластырылған түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр, яғни, «РИО» сауда орталығы аумағында, қалалық саябақта АИТВ мәртебесін анықтау бойынша іс-шаралар өтуде. Бұл бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтікжелілер арқылы аурудың алдын алу жұмыстарын жандандыруға, халықтың назарынқауіпсіз жыныстық мінез-құлық мәселелеріне аударуға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікті болдырмайтын қоғамды қалыптастыруға үлкен ақпараттық себеп болады.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар