Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жерді адал пайдаланған фермерлердің мәселесін көтерді - АРҚА АЖАРЫ

Жерді адал пайдаланған фермерлердің мәселесін көтерді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына Ақмола облысынан сайланған депутат Талғат Жүнісов өзінің депутаттық сауалында жер учаскелерін пайдалануды құқықтық реттеудегі проблемалар туралы жария етті.

Депутат бірнеше жыл бұрын фермерлерге жер тапшылығын шешу үшін шаруаларға жалға алуға болатын жер учаскелерінің барынша үлкен көлемі белгіленгенін атап өтті. Алайда, бұл ережелер қазіргі кезде жер көлемі белгіленген шектен асатын адал жер пайдаланушыларға кері әсерін тигізуде. Олар көптеген жылдар бойы жерді ретімен адал пайдаланды, жердің құнарлылығын сақтауға қаржы салды, бірақ, енді іс жүзінде жалдау құқығын ұзарта алмай отыр.

«Жер учаскелерінің шекті мөлшері туралы талап Үкіметтің осы шешіміне дейін жер аумағына иелік еткен адал жер пайдаланушыларға қолданылмауға тиіс. Жерді ұзақ мерзімге жалға алуды ұзарту белгіленген шекті мөлшерден асатын жер учаскелерінің бір бөлігін алып қоймай жүзеге асуы тиіс. Астық өндірушілердің өндірістік шығындары, сондай-ақ, олардың материалдық-техникалық базасын қалыптастыру және жаңарту жедел басқарудағы жер учаскелерінің алаңына негізделеді. Қазіргі кездегі кедергілерді уақытылы жою, атап айтқанда, Үкіметтің қолданыстағы Қаулысына тиісті толықтыру енгізу және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беру аса маңызды», – деді Талғат Жүнісов осы отырыста.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар