Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
 Ертеңгі туризм мамандары осындай жарыстардан шығады - АРҚА АЖАРЫ

 Ертеңгі туризм мамандары осындай жарыстардан шығады

Ақмола облысының спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясының «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы» Ақмола облысының туризм басқармасымен бірлесе отырып, «Своя тропа 2024» ашық облыстық туристік слетін өткізді.

Іс-шараның бағдарламасы қатысушылардың шеберлігін сынауға бағытталған әртүрлі қашықтықты қамтыды. Слетке Көкшетау қаласы мен Бурабай, Зеренді, Атбасар аудандарынан келген ересектер, жасөспірімдер және балалар топтары қатысты.

Ұйымдастырушылар  туристік көпсайыс спортын дамыту және танымал ету, сондай-ақ, өңірдегі студент жастарды жүйелі түрде туризммен айналысуға тартуды көздеп, осындай бір дәстүрге айналған іс-шараны  өткізді. Жалпы, слет қатысушылардың тактикалық-техникалық шеберлігін арттыруға, өңірдегі ең мықты туристерді анықтауға және туристік көпсайыс бойынша Ақмола облысының құрама командаларын жасақтауға бағытталған. Бұл шара үшінші рет өткізілуде. Облыстық туризм басқармасы басшысының айтуынша, аталмыш слет қатысушылардың спорттық шеберлігі мен төзімділігінің арқасында анықталатын болашақ туризм мамандарын дайындауға мүмкіндік береді.

–Туризм саласында түрлі бағыттар бар. Бүгінгі слет солардың бірі. Оған әртүрлі жастағы адамдар қатысады. Бұл болашақ туризм нұсқаушылары – альпинистер, гидтер және шаңғы курорттарының гидтері. Бүгінде Ақмола облысының 8 ауданы осы бағытты дамытып, жастардың салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілігі мен туризмге деген қызығушылығын оятуда.  Біз мұндай қауымдастықтар әр ауданда болғанын қалаймыз және осы мәселемен айналысатын боламыз.  Сонымен қатар, бұл студенттер болашақта туризмді мамандық ретінде таңдамаса да, жастардың дамуына, олардың дене белсенділігін арттыруға және өңірдің туристік әлеуетін білуге өз үлестерін қосары сөзсіз. Олар тауға шығады және алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Бұл дағдылардың барлығы өмірде әрбір адамға пайдалы болатынына сенімдімін, – деп атап өтті Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы Иван Подгурский.

Бүгінге дейін облыс бойынша 21 адам осындай туристік жиындарда түрлі санаттарға ие болып, туризм саласында жұмыс тапқан екен.

Жарыс қызу басталды. Облыстық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы Аделия Аманжолова туризм қорқыныш  және сенімсіздік сезімдерін  жеңуге көмектесетініне сенімді.

–Жарыстарға қатысып жүргеніме 6 жыл болды. Туризм саласына 8-сыныптан бастап қызығушылық танытып, сол кезден бері осы саламен айналыса бастадым. Процестің күрделілігі оның әртүрлілігінде демекші,  спортшы-турист жақсы жүгіруі, шаңғымен шебер сырғанауы, жартасқа шығуы, жүзуі керек.  Оның көптеген мүмкіндіктері мен жақсы физикалық деректері болуы қажет.  Біз жалпы, спорттық  туризм саласында  техникалық негіздерге машықтанамыз және оларды игереміз. Содан кейін дене шынықтырамыз. Сондай-ақ, қашықтық та үлкендей бастайды, жаттықтырушылар жаңа күрделі деңгейдегі тапсырмаларды белгілейді.  Осындай күрделі процестердің арқасында біз  тәжірибе жинаймыз.  Сонымен қатар, бізде бір апталық жорықтар да бар. Онда әркім өзінің қабілеті мен мүмкіндігін сынайды. Қашықтықтардың тек біреуіне дайындалу мүмкін емес, сондықтан, спортшы-туристің жан-жақты болуы маңызды. Айта кетерлігі,  туристік жиындар немесе сайыстарды өткізу барысында бізде ешқандай апатты жағдайлар  болған жоқ.  Дегенмен, біз оларға әрқашан да дайынбыз.  Туризм бізге биіктіктен, судан, сондай-ақ, басқа да қауіпті орындардан қорқуды жеңуге көмектеседі,–дейді ол. Аделия жаяу, шаңғы және тау туризмі бойынша облыстық, республикалық және әлемдік жарыстардың чемпионы, Шоқан Уәлиханов университетінің тау-кен ісі факультетінің 3 курс студенті.

Спорттық-туристік іс-шаралар туризм техникасы мен кросс жорықтар бойынша өткізілді. Аталмыш байқау екі күнге созылып, жеңімпаздар Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта  мұндай жарыстарды жылына екі рет жаз және күз айларында өткізу жоспарлануда.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар