Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тіл – қарым-қатынастың құралы, ұлттың байлығы, мұралық құндылық. - АРҚА АЖАРЫ

Тіл – қарым-қатынастың құралы, ұлттың байлығы, мұралық құндылық.

Ана тілімізді жақсы білу, тіл мәдениетін сақтау, оны шұбарламау – әркімнің азаматтық борышы. Халқымыз «Өнер алды қызыл тіл» деп айтқандай, сөйлей білу де үлкен өнер. Мәдениетті, жан-жақты білімді жастарымыздың таза ұлттық тілімізде,  әр сөзді өз орнына жұмсап, мағыналы сөйлей білуі – заман талабы. Сөйлеу мәдениетіне қай кезде де ерекше мән берілген, қай халық болса да, оны қатты қастерлеген. Қазіргі таңда тіл мәдениетін қалыптастыру мен оны дамытудың көкейтестілігі  арта түсуде. Өйткені, жастарымыздың басым дені өз ана тілінде сөйлемейді.

Осы қынжыларлық жағдайды бері қаратуға титтей де болсын үлес қосу үшін Краснояр үлгілі кітапханасында «Өнер алды – қызыл тіл» атты сайыс өтті. Сайысқа №3 мектептің 4-сынып оқушылары қатысты. Сайыс барысында екі топ 7 кезеңнен тұратын жарыста өздерінің білімдерін ортаға салды. Әр кезеңде балалар қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша дайындалған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, «Сұңқар» тобы 1 ұпаймен «Қыран» тобынан алға шығып, бірінші орынды иеленді. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Балалар сайыс арқылы ана тіліміздің қадір-қасиетін, өз тілімізде сөйлеудің бай қорын сезініп, түсінді.

Ана тілінің құдіретіне бас иген адам бұл жағынан өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса, солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен тіл мәдениетін қатар ұстап, екеуіне бірге назар аударып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра түсері даусыз.

Рустам ӘУБӘКІРОВ,
Краснояр үлгілі кітапханасының қызметкері.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар