Әсет Сағынайұлы Байжолов әлеуметтік кәсіпкер. Оның қызметі мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мен дамытуға бағытталған.
Көкшетау қаласында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Jeti Qazyna зияткерлік ойыны өткізіліп келеді. Ол мұғалімдердің кең ауқымын ғана емес, сонымен қатар, денсаулығы шектеулі адамдарды және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды да қамтитын ойын.
Осындай іс-шараларды өткізу, соның ішінде әртүрлі аудиториялардың қатысуы оңай шаруа емес. Осыны ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың бұл ойынға тарту Әсет Сағынайұлының да жұмысының ажырамас бөлігіне айналды.
Әртүрлі топтардың осы іс-шараға қатысуының мақсаты – интеллектуалды дамуға қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар, әр адам өзін маңызды сезінетін және қоғамдық іс-шараларға қатыса алатын орта құру.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Jeti Qazyna ойыны өз білімі мен дағдыларын көрсетіп қана қоймай, достармен кездесуге, қызықты тақырыптарды талқылауға және уақытты жақсы өткізуге мүмкіндік береді.
Барлық қатысушылар үшін қолжетімді және инклюзивті ортаны құру – бұл мақсат қана емес, сонымен қатар, Әсет Сағынайұлы сияқты ұйымдастырушылардың жауапкершілігі. Ұйымдастырушылар әркім қызықты интеллектуалды шайқастардың ахуалын толық сезінуге және өзін үлкен отбасылық қауымдастықтың бір бөлігі ретінде танып білуге күш салады.
Осылайша, Jeti Qazyna зияткерлік ойыны білім мен интеллект ойыны ғана емес, сонымен бірге, әркім өз әлеуетін ашуға және қарым-қатынас пен жеңістің қуанышын сезінуге мүмкіндік беретін инклюзия мен теңдіктің белгісі болып қала береді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.