Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғын үйлер салынады, балалар «Балдәуренде» демалады - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғын үйлер салынады, балалар «Балдәуренде» демалады

Ақмола облысының Жарқайың ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Ауданда екі пәтерлі 15 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар, депутаттық корпус, қоғамдық кеңес және «AMANAT» партиясының аудандық филиалының өкілдері зардап шеккен үйлердің тұрғындарымен бірнеше рет кездесіп, көмек көрсету және тұрғын үйлерді қалпына келтіру мәселелерін талқылаған.

Сындарлы диалогтың арқасында ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының қолдауымен «Бірлік Жарқайың» қоры арқылы зардап шеккендерге құрылыс материалдарын көтерме сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды. Бұл материалдар су басқан үйлерді жөндеу үшін пайдаланылатын болады.

Үйлері жарамсыз күйге түскен отбасыларға ерекше назар аударылуда. Аталған мәселені шешу үшін Пригородное ауылында екі пәтерлі 15 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталды.

–Жаңа үйлер электрмен және жылумен жабдықтауды қоса алғанда, инженерлік инфрақұрылыммен  қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, қазба шұңқырлары-септиктер жасақталып, бір үйге тұратын үйлерге қызмет көрсету үшін 10 сотық жер учаскелері беріледі, – деп сендірді жергілікті билік өкілдері.

Сонымен қатар, Пригородное ауылының Абай атындағы орта мектебінің оқушыларына,  су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан шыққан балаларға «Балдәурен» сауықтыру лагеріне 21 жолдама бөлінді.

Айта кетейік, құрылысы  енді басталған үйлерді ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

«Арқа  ажарының» өз ақпараты.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар