Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залал өтеліп жатыр - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залал өтеліп жатыр

Ақмола облысында 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

А.ж. 6 маусымда Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Б. Әміренованың төрағалығымен мүліктік шығындардың өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның екінші отырысы өтті.

Отырыста «Медина» ЖК, «Махина» ЖК (Көкшетау қ.) және «Ашық жол» ЖК (Атбасар ауданы) үш өтініш қаралды. Комиссия мүшелері барлық үш кәсіпкерге келтірілген залалды өтеу туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Айта кетейік, а.ж. 22 мамырда өңірлік комиссия отырысында Астрахан ауданының «Есеева С.К.»ЖК бірінші өтінімі қаралған болатын. Бүгінгі таңда кәсіпкерге мүліктік шығындардың өтемақысы толық көлемде төленді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар