Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғындарға көрсетілген көмек көңілден шықты - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғындарға көрсетілген көмек көңілден шықты

«Ауыл»халықтық демократиялық патриоттық партиясы еліміздің өңірлеріндегі көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсетуде. Бұл жолы партияның Жастар қанаты зардап шеккен Ақкөл ауданына гуманитарлық көмек беру акциясын ұйымдастырды. Шараға «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, партияның облыстық филиалының төрайымы Анар Аяпбергенова, аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Биылғы көктем еліміз үшін үлкен сынақ кезеңі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан аймақтардың жергілікті атқарушы органдарына зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй салу мен қажетті гуманитарлық және материалдық көмек беруді тапсырды. Осыған байланысты барлық құрылымдар белсенді жұмыс істеуде.  Бүгінгі күнге дейін су тасқыны орын алған өңірлерге «Ауыл» партиясы тарапынан 168 миллион теңге қаржыға 213 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. 211 ауылдық округ пен 5 қалада  партияның 900-ден астам белсенді мүшелері және Жастар қанатының 1500 белсенділері апаттың алдын алу жұмыстарына қатысты. Өңірлік филиалдардағы партия қатарындағы кәсіпкерлер мен фермерлер 190 ауыр техникаларын табиғи апаттың алдын алу жұмыстарына жұмылдырды. Міне, «Ауыл» партиясы тарапынан осындай бір  көмек  су тасқынынан зардап шеккен біздің Ақкөл ауданына да жетті.

Аудан әкімі Біржан Тасболатов «Ауыл» партиясына көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

–Мұндайда халыққа көмек көрсету бір күндік шаруа емес. Батыс Қазақстан облысы филиалындағы партия меценаттары 20 мың бас тауық балапандарын зардап шеккен отбасыларға тегін таратып берді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынынан зардап шеккен 135 отбасына ерікті қайырымдылық қаражаты есебінен материалдық  көмек ретінде 2 700 қаз балапанын, оларды өсіруге 81 тонна құрамажем тарату жұмыстары басталды. Мұның бәрі партияның халықтың мұң-мұқтажынан тыс қалмай, оларға көмектесуге тырысатынын дәлелдейді.  Айта кету керек, «Ауыл» партиясының мүшелері біздің ауданымызға  да зор көмегін көрсетті. Тұрғындар атынан оларға алғыс білдіргім келеді. Сондай-ақ, болашақта табыс пен дамуды тілеймін. Осындай көмектің арқасында біз барлық қиындықтарды жеңе алатынымызға сенімдімін, – деді аудан басшысы.

«Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов партия тек  сөзбен ғана емес, өзінің ісімен де халыққа қолдау көрсететінін атап өтіп, жан-жақты көмектің әрі қарай жалғасатынын  айтты.

–Бүгін біз Ақкөл ауданындағы 20 отбасыға көмек көрсеттік. Ауыл азаматтары тұрғын үйлерінің жарамсыздығы, аулаларының бүлінуімен қоса, күн көріс көзі болған үй жануарларынан айырылды. Осыған байланысты бүгінгі күні жиырма отбасының әрқайсысы 20 қаз балапанын және 600 килограммнан құрама жем алады. Сондай-ақ, ұсақталған астық қоспасы мен кебек түрінде 12 тонна жем бөліп беріледі.

Құс шаруашылығымен айналысқысы келгендерге біз Ақкөл ауданы жақын арада қаз хабына айналатынын айтқымыз келеді. Оны аудан әкімдігімен талқыладық. Бұл жақын арада жүзеге асады деп ойлаймын.   Біз өз азаматтарымызды жан-жақты қолдаймыз және оларды қиындыққа қалдырмаймыз. Жәрдемімізді әрі қарай жалғастыра береміз. Тілек білдірушілер бізге кез-келген уақытта хабарласып, көмек сұрай алады, – деді өз сөзінде Қайрат Қапанұлы.

Сондай-ақ, гуманитарлық көмек аясында «Ауыл» партиясының Жастар қанаты Ақкөл ауданының қарғын судан зардап шеккен 20 отбасына 30 килограмнан азық-түлік, гигиеналық заттар табыс етті. Айта кетерлігі, көмек тегін таратылуымен қатар, тұрғындарға қаз балапандарын өсіру технологиясы да үйретілетін болады.  Осы жоба арқылы болашақта азаматтар ауылдық жерлерде  өз кәсібін ашуға мүмкіндік алады.

Өз кезегінде аудан тұрғындары  көрсетілген гуманитарлық көмек үшін партия белсенділері мен аудан әкімшілігіне зор алғыстарын білдірді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар