Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Депутаттар  ұсыныстарында ескеретін мәселер бар - АРҚА АЖАРЫ

Депутаттар  ұсыныстарында ескеретін мәселер бар

Жуырда Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет, депутаттық этика, заңдылық, экология, табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы болып өтті.

Онда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуды ұйымдастыру, құтқару қызметтерін материалдық-техникалық жарақтандыру, өрт қаупі кезеңіне дайындық мәселелері қаралды. Отырыс барысында тұрақты комиссияның төрағасы Марат Қойшыбаев биылғы көктемнің толассыз су тасқынына байланысты өте күрделі болғанын, негізгі ауыртпашылық құтқару қызметкерлеріне түскенін атап өтті.Әрі қарай Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қанат Доспаев су тасқыны кезінде жүргізілген жұмыстарға қысқаша тоқталып, табиғи өрттердің алдын алу шаралары туралы баяндады. Ол:

– Өңірде өртке қарсы күрес жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің жалпы штат саны 2514 адам. Сондай-ақ, 737 техника бар. 36 мемлекеттік өрт депосы, әкімдіктердің 44 өрт сөндіру бекеті және 210 ерікті өртке қарсы шараларды жүзеге асырады. 2025 жылға дейін 36 елді мекенде 9 өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған.Ағымдағы жылы Жол картасы бойынша жергілікті бюджеттен көлік құралдарын, өрт сөндіру және құтқару жабдықтарын, байланыс, ақпараттандыру және есептеу техникасын сатып алуға 588 миллион теңге сомасында қаражат бөлу көзделген, – дей келе, осы жұмыстарды депутаттық корпустың қолдауын сұрап, бұл қаражат ведомствоның барлық қажеттіліктерін жабу үшін жеткіліксіз екенін жеткізді.

Сондай-ақ, іс-шараға облыстық мәслихат депутаттары мен онлайн режимде қатысқан аудандық мәслихат төрағаларының деректеріне сүйенсек, Елорда айналасында орналасқан Целиноград ауданының ауылдары және Қосшы, Степногорск қалаларында құтқару қызметтері мен өртке қарсы техниканың аса тапшылығы сезілген. Депутаттардың сұрақтарына табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасыорман шаруашылығы бөлімінің басшысы Әділ Қантаев та жауап берді.Тыңдау қорытындысы бойынша ведомстволардың басшыларына жағдайды жақсарту және азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу, орман қорының едәуір алаңдары бар Бұланды ауданында өрт сөндіру бекетін құру мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Сонымен бірге, бірлескен отырыстың күн тәртібіндеоблыс автожолдарының жай-күйін жақсарту және Атбасар қаласында көліктік бақылау бекетін ашу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселе қаралды. Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Абзал Сапыбеков бұл туралы:

–Бүгінгі таңда жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге байланысты, Аршалы ауданында автоматты өлшеу станцияларын орнату орнын анықтау мақсатында бірлескен жұмыс жүргізіп, автомобиль жолдарының басқа учаскелеріне көліктік бақылауды қамтамасыз ету қажет. Және кадрлардың жетіспеушілігінен Атбасар тас жолдары учаскелерінде жылжымалы көліктік бақылау бекетін тұрақты негізде орналастыру мүмкін емес, – деп түсіндірді.

– Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің бұйрығымен Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бекеттеріне 40 бақыланатын маршруттар бекітілді. Оның ішіне Көкшетау-Атбасар және Алматы-Қостанай-Челябі (САИС)» автомобиль жолдары учаскелері кіреді. Инспекция, көліктердің жүруін күнделікті бақылауда ұстап келеді. Есепті кезеңде 238 әкімшілік хаттамалар жасалып, 35 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, – деді баяндама аясында А.Сапыбеков. Бұл ретте, депутаттардың пікірінше, ведомство облыстың автожолдарында, әсіресе, елордамен іргелес елді мекендерде карьерлерден құрылыс материалдары тиелген ауыр жүк көліктеріне  бақылауды күшейтуі қажет. Осыған байланысты депутаттарауыр жүк көлігінің өтуі үшін төлемді арттыру мәселесін қарауды ұсынды. «Бұл қаражатты кейін жолдарды қалпына келтіруге жұмсауға болады» дейді ұсыныс жасағандар. Оған қоса, бос жұмыс орындарын толтыру және көліктік бақылау инспекциясының штат санын көбейту,оларға көліктік бақылауды жүзеге асыру жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін де қарастыру қажет екені баса айтылды.

Комиссия отырысында сондай-ақ, «Қазпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Қайрат Бекенов сөз алып, ауылдық жерлердегі істердің өздеріне қатысты жай-күйін ортаға салды. Оның айтуынша, бүгінде толыққанды пошта бөлімшелерін ұстау тиімсіз. «Өйткені, ауылдарда зейнетақы төлемдерінен басқа пошта қызметтері талап етілмейді. Бірақ, мәселенің әлеуметтік маңыздылығын түсіне отырып, облыстық филиал жекелеген ауылдардың, соның ішінде Атбасар ауданының Борисовка ауылының тұрғындарына почта байланысының жылжымалы бөлімшесімен қызмет көрсетуді қарастырып отыр. Бұл ретте, Президентіміз «Digital Bridge 2023» форумында: 2025 жылға қарай елімізді ІТ-технологиялар саласында 100 мың білікті маманмен қамтамасыз ету міндетін қойды. Өз кезегінде, «Қазпошта» акционерлік қоғамы осы міндеттің маңыздылығы мен әлеуметтік мәнін түсіне отырып, «Оилан» аудиториялық оқу орталығына «Қазпоштаның» жеке ғимаратында ауылдық жерлердегі жастарды оқыту және оларға сапалы білім беру үшін сыныптар ашуға көмектеседі. Макинск және Атбасар қалаларында осындай 2 кабинет ашу жоспарлануда.Өңірдегі меценаттардан қаражат жинау арқылы әлеуметтік осал және аз қамтылған отбасыларға тегін білім берілмек» деді өз сөзінде филиал басшысы. Осы тұста, отырысқа қатысушылар «Қазпоштаға»  клиенттік базаны тарту, ауылдық округтердің мониторингі және нақты елді мекендердегі бөлімшелерді оңтайландырудың орындылығы жөніндегі жұмысты күшейтуді ұсынды.

Айта кетейік, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығы негізінде ағымдағы жылдың 8 сәуірінен бастап өрт қаупі кезеңі басталды. Бүгінгі күні облыста орман және дала өрттері тіркелген жоқ. Өңіріміздегі мемлекеттік орман қорының жерлері 1 миллионнанастам шаршы метрді құраса, оның ішінде орман алқаптары – 513 448 гектар. Осылайша облысымыздағы орман көлемі бүкіл облыс аумағының 2,6 пайызын құрайды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар