Ақмола облысы бойынша экология департаментінің ұйымдастыруымен өңірлік деңгейде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» тақырыбында балалар суреттерінің байқауы өткізілді.
Байқауға Ақмола облысының үш балалар үйі қатысты. Байқау қорытындысы бойынша конкурстық комиссия 6 жүлделі орынды анықтады.
Бас жүлде – Гран-приді «Ақмола облысының білім басқармасы Ақкөл қаласының қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушісі Вероника Власова жеңіп алды.
Бірінші орын Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылынан «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушісі Виталий Щегловтың, екінші, үшінші орындарды да осы балалар үйінің тәрбиеленушілері Роман Менченков пен Дарья Генсьордың еншісіне бұйырды. Тағы бір үшінші жүлделі орынға Ақкөл қаласының қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Раяна Богдатова ие болды. Ал, осы мекеменің тәрбиеленушісі Екатерина Слюнькоға «Көрермендер көзайымы» сыйлығы берілді.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға грамоталар, естелік сыйлықтар, байқаудың қалған қатысушыларына іс-шараға қатысқаны үшін дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ақмола облысында шикізаттар мен қалдықтарды қайта өңдеушілердің бірі ретінде танылған, сөйтіп, өзін нарықта көрсете білген ірі компания – «LS Kokshetau» серіктестігінің басшысы Владимир Усатовқа сыйлықтар сатып алуға демеушілік жасағаны үшін үлкен алғыс білдіреміз.
Күләш РАХИМОВА,
Ақмола облысы бойынша
экология департаментінін бас маманы.