«Судья әдебі» кодексі судьялардың кәсіби қызметі мен тұрмыстағы мінез-құлқы үшін моральдық жауапкершілікті арттыруда үлкен рөл атқарады.
2016 жылдың 21 қарашасында судьялардың VII съезінде «Судья әдебі» кодексі қабылданды. Бұл құжатта судьялардың міндеттерін және тұрмыстағы мінез-құлқын реттейтін нормалар мен стандарттар регламенттелген. Кодекс талаптарынан ауытқымау үшін шектеулер мен жауапкершілік шаралары белгіленген, сот төрелігін іске асыру кезінде мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігін болдырмау жағы қарастырылған. Кодекс нормалары судьялардың кәсіби қызметін халыққа адал қызмет ету, Конституция мен заңдарды мүлтіксіз орындау, адалдық, сатылмаушылық, әділеттілік, бедел, адамгершілік пен мораль нормаларын сақтау негізінде жүзеге асыруын көздейді. Судья сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өз міндеттерін кәсіби түрде орындап қана қоймай, сот процесін жүргізу, процеске қатысушылармен қарым-қатынас жасау мәдениетін иеленуге, әдепті болуға тиіс. Кодексте сот билігінің беделіне, судьялардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу үшін бірқатар шектеу шаралары енгізілген. Тек осылайша судьяларға құқықтарын қорғау сеніп тапсырылған азаматтар сот қорғауының бейтараптығына қажетті кепілдіктерге ие болады.
Этикалық нормаларсыз сот ісін жүзеге асыру мүмкін болмайды. Сондықтан, құқықтық талаптар мен моральдық ережелер жүйесі оның негізінен алынды. Қандай да бір асқынулар туындаған жағдайда этика кодексінің өзінен туындаған сұрақтарға жауап табу қиын емес. Оның әмбебаптығы судьялардың кәсіби қызметінің кез-келген жағына және қазіргі заманғы сот ісін жүргізу стандарттарына қолданылады.Кодекс нормаларының талаптарын тиісінше сақтау үшін облыстық соттар жанынан тиімді бақылау тетігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану үшін «Судья әдебі» жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді.
Әрбір теріс қылықты «Судья әдебі» жөніндегі комиссия, білікті алқа кінәлілік (кінәсіздік) дәлелдемелерін ескеру, дауға қатысатын адамдардың айғақтарын қайта тексеру үшін объективті, толық, жан-жақты зерделеуге тиіс. Бұл тәртіптік теріс қылық жасауға ықпал ететін мән-жайларды болғызбауға мүмкіндік береді.
Б.МАҚЫШЕВ,
Ақмола облысының қылмыстық істер
Жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маманы.