Бұланды ауданында су тасқынынан зардап шеккен Вознесенка және Журавлевка ауылдарының тұрғындары үшін тұрғын үйлер салу жоспарланған. Вознесенка ауылында барлығы 16 үй, ал Журавлевка ауылында 43 үй салынады. Бүгінгі таңда ауылдарда үй салуға арналған жер учаскелері анықталып, мекен-жай атаулары берілді.
«Бүгін, 2024 жылғы 4 шілдеде Журавлев ауылдық округі әкімінің аппараты үй салу жобасын жүзеге асыратын мердігерлерімен кездесті. Құрылыстың басталуын анықтау бойынша алдағы жоспарлар талқыланды. Айталық, Журавлевка ауылында мердігер ұйым жұмыс істейтін болады, ол бүгінгі күні Иванковка ауылында үйлер салады»- Журавлевка ауылдық округінің әкімі Татьяна Гильгенберг.
Айта кетейік, бүгінде ауданда су тасқынынан зардап шеккен Макинск қаласы мен Вознесенка, Журавлевка, Капитоновка, Иванковка, Новобратское ауылдарының 148 тұрғынына 7,6 миллион теңге сомасында мүлікке залал өтелді. Бұланды ауданы әкімдігі аудан тұрғындарына қажетті көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізуде.