Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық құндылықтар дәріптелген жазғы лагерь - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық құндылықтар дәріптелген жазғы лагерь

Халқымыздың ешкімнен ұялмайтын тарихы мен мәдениеті, руханияты, салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары бар. Ұлттық құндылықтарымызды негізге ала отырып, Ақадыр ауылының жалпыорта білім беретін мектебінің аумағында осымен екінші мәрте іші дәстүрге сай безендірілген киіз үй құрылып,  этноауыл жасақталды. Ондағы мақсат – ұлттық кұндылықтарымызды насихаттау, төл мәдениетімізді жаңғыртуболып табылады.

Жаз айлары басталысымен барлық білім беру мекемелерінің жанынан жазғы тынығу лагерьлері ашылады. Бұл – оқушылардың демалыс уақытын тиімді әрі қызықты өткізудің бірден-бір жолы. Этнолагерьдің ашылуына және бір күндік лагерь жұмысын көру үшін  қонақтарымыз аудандық білім бөлімінің басшысы Динара Кенжеболатова мен аудан әкімінің орынбасары Қанат Жүсіпов келіп ерекше ықыластарын білдіріп, лагерьдің жұмысына алғыстарын айтты.

Этнолагерь жұмысын бастамас бұрын, алдымен оның сыртқы көрінісін ерекше безендіружоспарланды. Этнолагерь екі ауысыммен жұмыс істеп, ауыл мектебінің барлық оқушылары қатысты.

«Шын шеберге шаршы алаңда тұсау жоқ» демекші, лагерьдің алғашқы күндерінен-ақ өнерлі оқушыларымыз жүрген жерлерін әнмен әрлеп, би билеп, думандатты. Талапты да талантты балалардың қалыптасқан дағдыларын әрі қарай шыңдау мақсатында сабақ кестесі құрылды. Балалардың әр уақытын құнды әрі жүйелі өту мақсатында күнделікті күн тәртібі бекітілді. Олар таңғы жаттығудан бастап, түрлі сабақтарға, үйірмелерге қатысты. Этнолагерьдегі бармағынан бал тамған шебердің барлығы –  мектебіміздің мұғалімдері мен ата-аналар.

Оқушыларымызға тұрмыстық қажеттілікке байланысты  мектеп ауласына киіз үй тігілді. Жанынан алтыбақан құрылып, бес асық ұлттық ойындарын ойнайтын жер қарастырылды. Ұлттық тағамдарымыз – ет асу,қымыз пісу, бауырсақ пісіру, май бұлғау, құрт жасау тәсілдері көрсетілді. Қазақы ұмыт қалған ата дәстүрлерді жас ұрпаққа насихаттау мақсатында әжелерді шақырып, өскелең ұрпаққа құрақ құрау, ұршық иіру, ши тоқу барысымен таныстырдық. Рухани-тәрбиелік мәні бар дәстүрлерді көрсету – жазғы лагерьдің мақсат-міндеті болатын.

Тәуелсіздік алғаннан кейін өмірге келгендер қазақы тұрмыстың шет жағасын көрді десек, бүгінгі ұрпақ, әсіресе, қала мен қала маңындағы ауыл балалары ұлттық жауһарларды кинолар мен көрмелерден көріп жүр. Ұлтының жәдігерлерінен жатырқап жүрген жеткіншектер жоқ, Абай айтқандай, «көрсем, білсем, үйренсем» деп құлшынып-ақ тұр. Баба өнерін меңгеріп, ұлттық ойынын ойнап, домбырамен ән салып, қымыз ішіп шаттанып жүрген жеткіншектердің демалысы небәрі жиырма күнде көзді ашып жұмғанша өте шықты. Мұндай танымдық жұмыс кезінде оқушылар шапшаң сөйлеуді үйренеді, оқу жылдамдығын дамытады, қатарластарымен бірге топтық жұмыс істеуге де бейімделеді. Баланы еңбекке баулу және өз ұлтының дәстүрімен, тарихымен сусындатып шығаруды шамшырақ етіп алға қарай беттеген мектеп ұжымының еңбегі ұшан-теңіз.

«Жастайынан үйретсең тасқа ойған таңбадай, қартайғанда үйретсең суға құйған ақ сүттей» деген сөз бар ғой. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларынан бастап қолөнермізді дәріптеп жатсақ – еңбегіміздің зая кетпегені.

Мейрамгүл САЛАМ,
Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
директорының орынбасары.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар