Артур батыр

Көкшетау қаласының 10 жастағы тұрғыны Артур Гаитов өрт кезінде көрсеткен қайсарлығы үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің медаліне ие болды.

Ол сәуір айында өзінің бауырын ажалдан құтқарып қалған. Кез келген бала өрт кезінде мұндай ерлікке бара бермейді. Жеке меншік секторда орналасқан үйінде өрт пайда болған кездеол абдырап қалмай, сабырлық сақтап, ересек адамша қимылдап, тиісті әрекеттерге көшкен. Төтенше жағдай орын алғанда ол бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған, кейін бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен. Футбол ойнап аяғын жарақаттап алған ол сол кезде гипспен жүріпті. Соған қарамастан, өзін және бауырын жалыннан аман құтқарып қалды.

–Мен теледидар көріп отырып, шыға беріс жақтан бір дыбыс естігендей болдым. Жүгіріп барып қарасам, өртеніп жатыр екен. Бөлменің есігін жаба сала, түкпір бөлмеге барып, электр қуатын өшіріп, өзімнен кіші інімді алып, терезеден секіріп далаға шықтым, – дейді жас батыр.

Артурға Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат Акильжанов табыстады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар