Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Дуанбай Ыбырай «Халық Қахарманы Қасым Қайсенов» орденімен марапатталды.
Марапат депутатқа Кеңес Одағының Батырлары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына, сондай-ақ Кеңес әскерлерінің шектеулі конингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған Щучинск қаласындағы Ауған соғысының ардагерлері қатысқан волейболдан 8-ші республикалық турнирінің ашылуы барысында табысталды. Оны Шығыс Қазақстан облысының Ауғанстандағы соғыс ардагерлері одағы жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге қосқан ерекше үлесі үшін берді.
Турнирдің ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева, генерал-лейтенант Бақытжан Ерсаев, қорғаныс істері департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Ережепов, ҰҚК генерал-майоры Нағашыбай Атшабаров, ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин және басқалар қатысты. Турнир жеңімпаздары Ақмола облысы әкімінің атынан ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.
Дуанбай Кәзібайұлының айтуынша, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев «Халық Қахарманы Қасым Қайсенов» орденін облыс әкімі Марат Ахметжановқа тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, депутат Дуанбай Ыбырай Ақмола облысы бойынша Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің одағын басқарады.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі