Мектептер жаңа модификация кабинеттерімен жарақтандырылуда

Ақмола облысында білім берудің заманауи үрдістерін ескере отырып, мектептердің оқу-материалдық базасына ерекше көңіл бөлінуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға сәйкес «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым»  өңірде мектептерді жаңа модификациядағы заманауи кабинеттермен: физика, химия, биология, робототехника және STEM кабинеттерімен жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде білім беру сапасын арттыруда мектептердің сапалы және заманауи оқу кабинеттерімен қамтамасыз етілуі үлкен рөл атқарады.

Өткен жылы 432 миллион теңгеге осындай 50 кабинеттің жабдықтары  сатып алынса, бұлардың жетеуі химия, тоғызы биология, жиырма бірі физика, сегізі Stem және  бесеуі робототехника кабинеттері. Оқу кабинеттерінің жиынтығына мамандандырылған жиһаз, демонстрациялық және зертханалық аспаптар, техникалық оқыту құралдары, мультимедиялық бағдарламалар, интерактивті жабдықтар және тағы басқалары кіреді.

Қазіргі таңда облыстың 10 ауданында 15 кабинет бойынша жеткізу толық көлемде аяқталған. Биылғы жылы облыс мектептері үшін жалпы сомасы 400 миллион теңгеден асатын 51 жаңа модификация кабинетін сатып алу көзделген.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен облыстың ауылдық аймақтарындағы тірек мектептеріне тағы 50 оқу кабинетін сатып алу жоспарланып отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар