Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Оқушылар археологиялық қазба жұмыстарына қатысты - АРҚА АЖАРЫ

Оқушылар археологиялық қазба жұмыстарына қатысты

Атбасарлық оқушыларкөршілес орналасқан Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы археологиялық қазба жұмыстарына  қатысты.

Туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығының  «Тарихи мұра» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауылында археологиялық қазба жұмыстары ұйымдастырылды.

Атбасар ауданының мектеп оқушыларымен қатар мұғалімдері де ондағы қазба жұмыстарына қатысып, археологияны зерттеуге атсалысты.

Археологиялық қазба жұмыстарының мақсаты – табиғи, антропогендік фактордың салдарынан жойылып кету қаупі бар қорғандарды, ежелгі қоныстарды зерттеу және оны қорғап-құтқару жұмыстарын қарастыру, жоба арқылы өскелең ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, тарихымыз бен мәдениетімізге және археология ескерткіштеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Айыртау ауылының аумағында ежелгі ботайлықтардың өмір салты мен дүниетанымдық қасиетті контекстерін зерттеуге арналған ғылыми жоба аясында археологиялық қазба жұмыстары жалғастырылды.

Археологиялық қазба барысында қатысушылар археологиялық лагерьге орналастырылып, техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Олар артефактілердің классификациясын, алау жанында «Ботай мәдениеті» туралы қызықты да танымды дәріспен танысты. Шатырларды құру жөнінде шеберлік сыныбы өткізілді.

Сонымен қатар, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері балаларға керамиканы мүсіндеу жөніндегі шеберлік сыныбын көрсетті. Бос уақыттарында балалар спорттық ойындар ойнап, сауықтыру шараларына қатысты.

«Қазба жұмыстары кезінде табылған артефактілерге – қыш ыдыстар, жебе ұштары секілді тағы да басқа тарихи заттарға балалар ерекше қызығушылық танытты. Олар мұражай қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, өз ойларымен бөлісті», – дейді ұйымдастырушылар.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар