Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Домбыра неге қос ішекті?!. - АРҚА АЖАРЫ

Домбыра неге қос ішекті?!.

Әл-Фараби атамыз «Әр ұлттың ерекшелігіне байланысты өзінің музыкалық аспаптары жасалады. Мұны айтып отырғанымыз, егербір ұлтқа тән үннің дамуын екінші ұлттың үніне ауыстырса, онда міндетті түрде табиғи үйлесім бұзылады. Ол бара-бара сол өзгерумен кете берсе, сол ұлттың дәстүрлік мәдениеті де біржола жоғалып кетуі ықтимал. Ең алдымен осыдан сақтану керек» деген екен.

Ата-бабамыз мұра етіп сақтап, құнды да киелі домбырасын күмбірлете шертіп, құдіретімен бізге жеткізген. Біз, тәуелсіз елдің ұрпағы үшін, оның қаймағын бұзбай, ұлттық болмысы мен тарихын жаңа леп қосып, биікте ұстау борыш емеспе?! Осындай мақсатта ұйымдастырылып отырған ұлттық домбыра күніне үлесімізді қосып, киелі аспабымызды жаңа серпінде жаңарту бүгінгі міндеттеріміздің бірі.

Домбыра – қоршаған ортаны сиқырлы энергиялар ағымымен толтыра отырып,  адамның ой-өрісінің барыншадамуын қамтамасыз етеді және шексіз ләззат сыйлайды. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші, ғасырлар бойғы тарихы бар екі ішекті домбыраның бүгінде әр қазақтың үйінде күмбірлеп, жүрегінің түбінен орыналуы аса маңызды. Осы күні домбыра жайлы сыр шертіп, ой қозғап, тарих толқынына берілсек, қоңыр домбырамыздың қасиеті жаңғырып, бабаларымыздың рухы асқақ болмақ. «Білгенге сөз – маржан, білмегенге сөз – арзан» демекші, осыны біліп жүрейік. Қазақтың ұлттық аспаптары бір ішекті, екі ішекті, көп ішекті. Әрқайсысы әртүрлі рөл атқарады. Бірі үрмелі келсе, бірі ұрмалы келеді, бірі қағысты келсе, бірі сылдырлы келері хақ. Дегенменде әрқайсысының үні құлаққа жағымды, жанға жайлы, рухты тербеп, арқаны қоздырары сөзсіз.

Осы тұста аспап ішегінің философиялық қырларын айта кетсек,музыка зерттеушісі, әлемге әйгілі ойшыл,философ ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби өз тұжырымында«Бір ішекті аспап бар, өйткені, адам өмірге бір-ақ рет келеді,екі ішекті аспап бар, өйткені, күллі адамның екі қолы, екі аяғы бар. Аспап не үшін үш ішекті? Өйткені, адам туады, өмір сүреді, өледі. Сондықтанда үш ішекті. Аспап не үшін көп ішекті? Өмір күрделі, сондықтан да, ол көп ішекті»деген. Ал, жалпы домбыра құрылысы жайлы бәріміз білеміз. Бірақ, осы домбыраның неге қос ішекті екенін білмей жүрген ұрпақ қаншама?! Бұл ақпарат пайдалы болар деп ойлаймын. Есімізде сақтайық, егер домбыра әнші-жыршыларға, сал-серілерге арналған болса, онда 8-9, әрі кеткенде 14-15 перне болады. Домбырамен күй тартатын болсақ, пернелері жеткіліксіз болғандықтан, күйдің күмбірлік үні бәсең шығып, тұтықпаға шалдығады сондықтан, домбыраны дұрыс таңдай білгеніміз де артық болмас. Әдетте, күй домбыралары 20-дан астам пернеден тұрады. Домбыра қағысының өзінде «сермеп ойнау, іліп қағу, шертіп ойнау» сынды қағыстары бар. Ал, негізгі құрлысының бірі – тиек. Тиектің деүш түрі бар: шайтан тиек, негізгі тиек,табалдырық тиек. Бүгін аз да болса, қысқаша домбыра жайлы ақпарат беруге тырыстық. Кәделеріңізге жарар деген ойдамыз.Осы ретте, атақты Конфуций «Бір елді басқарғың келсе, сол елдің музыкасын тыңда» деген ойымен сөзімді аяқтағым келіп отыр. Жастарымыз білімді де өнерлі, халқымыз рухты болсын, ағайын!

Бақытгүл ДОЛАЙҚЫЗЫ,
 Ақмола облыстық тариха-өлкетану музейінің экскурсанты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар