Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметшілеріміз төртінші орыннан көрінді - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметшілеріміз төртінші орыннан көрінді

Биыл мемлекеттік қызметшілер арасында өткен дәстүрлі республикалық спартакиадада ақмолалықтар бұрынғы жарыстарға қарағанда, сәтті өнер көрсетті. Бұл жолы облыстың құрама командасы жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады. Бұған дейін осы спартакиадада 2022-2023 жылдары 12-13 орындарды қанағат тұтып келген команда биыл бұл жарысқа тыңғылықты дайындалған болып шықты.

Ақтөбе қаласында ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілердің басын қосқан жарыс спорттың 8 түрінен өтті. Сөйтіп, жерлестеріміз мини-футбол, волейбол, қазақ күресі, үстел теннисі, жүзу, кір көтеру, шахмат, тоғыз құмалақ ойындарынан бақ сынады.

Үстел теннисі мен жүзуденақмолалықтар 1-ші орынды жеңіп алса, кір көтеруден 2-ші орынды бағындырды, ал, шахматтан 4-ші орынды мәсе тұтса, тоғыз құмалақтан 5-ші сатыға тұрақтады. Қалған ойын түрлеріне де барынша күш салғанымен, қарсыластарыесе жібермеген.

Осы ретте, Ақмола облысының намысын қорғап барған команда құрамындағы мемлекеттік қызметшілерді атап өтсек, олар – облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Азамат Баймышев, Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы – Ғалымжан Ахметов, ветеринария бөлімінің жетекшісі Әсел Сейфуллина, Есіл ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Оксана Сарыбаева,  Астрахан ауданының Есіл селолық округінің әкімі Евгений Овчинников, осы ауданның аумақтық инспекциясының бас маман-инспекторы Гүлжан Қойбағарова, Атбасар ауданы аумақтық инспекциясының бас маман-инспекторы Марина Пелих, аталмыш ауданның Бастау ауылының әкімі Қайыржан Азамат пен әкімдіктің бас маманы Аян Сүлеймен, Ақкөл ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Ермек Дәукенов, Шортанды ауданының құрылыс бөлімі басшысының міндетінуақытша атқарушы Мерей Серікбол. Олай болса, намысты қолдан бермей, алғашқы бестіктен көрінген жерлестеріміздің бұл сәтті қадамы ерекше атап өтуге тұрарлық.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар